Күннің тарихы... Имам Ғазали
Хазреті Имам Ғазали (рахметуллаһи алейһ) Ислам ғалымдарының ең ұлыларының бірі. Өмірін Исламның әмірі мен тыйымдарын үйрену және үйретумен өткізген хазреті Имам Ғазали 1058 жылы Ирандағы Мешхед қаласының Ғазал ауылында туылған. 1111 жылы Жәмазил-әууәл айының 14-іне, дүйсенбі күні сол жерде қайтыс болған. Бөлмесінде намаз оқып жатқанда, әдеттегіден ұзаққа созылғаны үшін, жақындары алаңдайды. Ішке кіргенінде хазреті Имам Ғазалидің, кебінін киіп, жүзін қыблаға қаратып, жан тапсырғанын көреді. Хазреті Имам Ғазали мүжтәһид ғалым болған. Өте көп кітап жазған. Кітаптарының көптігі соншалық, өміріне бөлінетін болса, күніне 18 беттен түседі. Бағдатта Низамия Университетінде мүдәррис, яғни оқытушы болған. Кейінірек Шамда және Нишапурда да мүдәрристік қызметін жалғастырған. “Ихйа”және “Кимия-и Саадат” атты кітаптары өте құнды.
***
Хазреті Имам Ғазали ілім үйренуді Тус қаласында бастап, Гуржан қаласында жалғастырады. Бір ретінде Гуржан қаласынан Тус қаласына қайтар жолда алдынан бір топ қарақшылар шығады. Ақшасы мен жүктерін және дәрсте жазған жазуларын да алып қояды. Имам Ғазали арттарынан жүгіріп: «Ол жазулардың сендерге еш пайдасы жоқ. Мен ол ілімдерді үш жылда жинадым. Ол жазуларды қайтарып беріңдерші», деп жалынады. Қарақшылардың басшысы қайтарып беріп: «Бұл қандай ілім болды сонда, білімің жазған парақтарыңа тәуелді болғаны ма? Бұл жазуларың қолыңнан кетсе, білімің де кетті деген сөз. Онда қалайша бұларды білемін деп айта аласың?»-дейді. Бұл сөз Имам Ғазалиге қатты әсер етеді. Қарақшылар кеткеннен кейін жазғандарының барлығын жаттап алады.