Untitled Document

Мақала... Ұша білген қанатқа дүние кең!

*Уақыт өткен сайын әлемдік тілдердің талабы күшейіп келеді. Әсіресе, жастарға тек ана тілімен ғана шектелу аздық етеді. Өзге шет тілдерін үйрену, меңгеру — заман, қоғам талабы. Орыс тілінің қолданыс аясы тарылған (Бұрынғыдай постсоветтік елдердің көбінде қолданылмайды. Еуропада орысшаның мүлде пайдасы жоқ).

*Тіл үйренемін деген адамға мықты тұрақтылық қажет. Күніне 2-3 сағат арнайы уақыт бөліп, жаңа сөз жаттауың шарт. Тіл үйреніп жүрген кезде адам көп нәрседен бастартуы керек (Жиын-той, қонақ т.с.с.). Бұл — қатаң жаттығуды қажет ететін ұзақ процесс.

*Үйреніп жүрген тіліңізде кино көру қажет (субтитрсыз). Есту арқылы да көп нәрсе үйренуге болады. Тек қана сол тілде ән тыңдаңыз. Ұялы телефоныңыздың тілін сол тілге бағыттаңыз.

*Телефоныңызға тіл үйрену қосымшаларын жүктеп алыңыз. Аялдамада, автобус ішінде тек сол қосымшаның тапсырмаларын орындаңыз.

*Тіл үйрену барысындағы ең маңызды қадам — диалог. Түрлі платформалар бар. Соларға жазылып, дос табыңыз. Бірге әңгімелесіп, тәжірибе алмасыңыз.

*Әр аптаның соңында тілдік қорыңыздағы үйренген жаңа сөздерді қамтып, шағын сөйлем құрыңыз. Пайдасы зор қарапайым әдіс. Өзім жиі қолданған әдіс.

*Мысалы, бұрын мен тіл үйреніп бастағанымда далада серуендеп немесе жаттығу жасап жүргенімде, қоғамдық көлікте, жұмыс үзілісінде тек құлаққаппен ән я болмаса подкаст тыңдайтынмын. Кейін сол тілдегі мультфильмді көріп, ертегі, әңгіме оқыдым. Толық үйренгеннен бері ешқандай қиындықсыз ғылыми мақала, кітап оқитын дәрежеге жеттім. Шүкір!

*Иә, Жаратушы сізге зор мүмкіндіктер сыйлаған. Тек соны пайдаңызға жарату — өз еркіңізде ғана. Иллаһи жауһар, құндылық — өз уақытыңды тиімді пайдалану.

Елдос Алаш