Денсаулық... Екіқабат әйелдің немесе емізулі баласы бар аналардың тамақтануы
Екіқабат кезінде нәруыздарды, ішінара май, кальций, фосфор тұздарының қажеттілігі арта түседі. Екі қабат әйелдер үшін тамақтың калориялылығы (5 айдан 9 айға дейінгі екіқабат кезінде) күніне орта есеппен 2900 ккал, ал ақуызға деген қажеттілік —100 г, оның ішінде малдан алынатын ақуыз 60 г болуы тиіс. Күніне пайдаланған сүт (0,8—1,2 л мөлшерінде) екіқабат әйелдің организмін қажетті мөлшеріндегі ақуыз, кальций, фосформен қамтамасыз етеді. Екіқабат әйелдің тамақтану рационын А витаминдерімен және В1 және РР, С және Д каротиндарымен байыта түсу керек. Екіқабат әйелдер организмінде темірдің көбірек болуы қажет. Бауыр, жұмыртқаның сары уызында, көкөніс, жеміс темірге өте бай болады. Толысуға бейім әйелдер майды, әсіресе көмірсуларды пайдалануды азайтуы тиіс. Екіқабат кезіндегіге қарағанда омырауда баласы бар әйел тамақты анағұрлым мол ішуі керек. Күндік рационның калориялылығы күніне 3200 ккал, ақуызды керексінуі 112 г оның ішінде малдан алынатын ақуыз —67 г болуы тиіс. Витаминді керексінуі де арта түседі. Сүтті пайдалануды (1,5 л дейін) арттыра түсуі керек, жұмыртқаны, майды, сырды, көкөністі, жемістерді көбірек пайдалану қажет, бұл жағдайда баланың тамақ қорытуына зиянды әсер ететін тамақтардан аулақ болу керек. Омырауда баласы бар әйел өз салмағын қадағалап жүруі тиіс, босанғаннан кейін екі айдан соң екі қабат болғанға дейінгі салмағындай болуы тиіс, бүкіл емізу кезеңінде бір қалыпты болғаны дұрыс. Сондай-ақ омыраудағы бала, Балалар мен жасөспірімдер тамағы туралы кеңестерді жеке дәрігеріңізбен ақылдасқаныңыз жөн