Сұхбат... Иман базарда сатылмайды
Иман – Пайғамбарымыздың Аллаһу та’ала тарапынан пайғамбар ретінде бүкіл адамдарға әкелген және білдірген әмірлерінің барлығына сену және иман келтіру дегенді білдіреді.
Аллаһу та’ала бүкіл адамдарға иман келтірулерін әмір етті. Адамдар арасынан қалағандарына мейірім етіп бұлардың ақылдарына мойынсұнып иман етулерін нәсіп етті. Бұл құлдарының көңілдерін иманмен толтырды. Юнус сүресінің жиырма бесінші аятында «Аллаһу та’ала құлдарын саламаттық, бақыттылық мекені болған жаннатқа шақыруда. Қалаған адамын бұл жолға қауыштырады.» деп бұйырылды.
Ақылдарына мойынсұнбай Аллаһу та’аланың шақыруын қабыл етпегендерден қалағандарын өзінің азғын халінде қалдыруда, қалағандарын тағы да ихсан (мейірім) етіп қалаған уақытында хидаятқа қауыштыруда. Өз халіне қалдырғандарынан ғафлеттен (қараңғылықтан) оянып дұрыс жолды іздегендерді де мейірім етіп хидаятқа қауыштыратынын уәде еткен. Анкәбут сүресінің соңғы аятында «Нәпсілеріне ергендерден дұрыс жолды іздейтіндерді бақытқа алып баратын жолдарға қауыштырамыз» деп бұйырылды.
Хазреті Хаким Тирмизиге:
– Иманның кетуіне ең көп себеп болатын күнәлар қайсы?- деп сұрағанында былай деп жауап береді:
– Үш күнә бар. Біріншісі: Иман ниғметіне қауышқанына шүкір етпеу. Екіншісі: иманның кетуінен қорқпау. Үшіншісі: мұсылмандарды ренжіту және оларды жәбірлеу. Мынаны біліңдер, пайғамбарымыз «Ақысыз (әділетсіз) бір мұсылманды ренжіту Қағбаны жетпіс рет құлатудан да артық күнә» деген.
Хазреті Яхия бин Муаз Рази былай дейді:
«Ең көп қуанған және ең көп жақсы көретін нәрсем Аллаһу та’аланың маған ихсан және икрам етіп берген иман ниғметі. Ал ең көп қорқатын нәрсем ол иманның менен кетуі».