Untitled Document

Сіз білесіз бе? Шоколад туралы деректер

*Әлемдегі ең үлкен шоколадтың салмағы 6 тоннаны құраған. Британдық «Thorntons» компаниясы өзінің ғасырлық мерейтойына осындай алып шоколад пісірген екен.

* Шоколад туралы көптеген шығармалар жазылып, бірнеше кинофильм түсірілген.

* Ацтектердің билеушілері үлкен мөлшерде шоколад ішіп отырған. Мәселен, 15-ғасырда өмір сүрген Монтесума есімді билеуші күн сайын 50 тостаған қантсыз қою шоколад ішкен екен.

* Шоколадтың құрамында кофеиннен басқа теобромин атты препарат бар. Теоброминнің жөтелді, қан қысымының жоғарылауын басатын қасиеті бар, алайда оны өте көп мөлшерде пайдаланған адам уланып қалуы мүмкін.

* Шоколад антиоксиданттерге бай. Оның  құрамындағы флавоноидтер жүрекке пайдалы, әрі қатерлі ісіктің алдын алуға көмектеседі. Шоколадтың құрамында какао неғұрлым көп болса, ол соғұрлым пайдалы деп есептеледі. Тағы  бір кеңес, шоколад жеген кезде сүт ішпеген жөн.

* Ацтектер мен майялар шоколадты валюта ретінде пайдаланған.

* Сүтті шоколад салыстырмалы түрде жақында шыққан. 1875 жылы сүтті шоколадты Нестле деген адам ойлап тапқан екен.

* Әртүрлі елдерде шығарылатын шоколад өнімдерінің дәмі де алуан түрлі болып келеді. Оның себебі - әр елде шоколад құрамына қосылатын какаоның үлесі әр түрлі.

* Шоколад плантацияларында негізінен балалар жұмыс жасайды. Африканың шоколад плантацияларында 56 миллионнан 72 миллионға дейін бала еріксіз еңбек етеді. Негізінен, ол - ата-анасы құлдыққа сатып жіберген немесе осы шаруашылық иелерінің алдау-арбау қармағына түскен балалар.