Сұхбат... Жанұя бақыты
Әһли хикмет (әулиелер) ғалымдар былай дейді:
Мына бес нәрсе ер бақытының кілті:
1) Жарының түсінікпен қарайтын және мойынсұнатын болуы,
2) Баласының айтқан тілді алатын және сыйлы болуы,
3) Достарының дұрыс және сенімді болуы,
4) Көршілерінің жақсы болуы,
5) Күн көрісінің өз мемлекетінде болуы. Өз мемлекеті дегеніміз туған жері деген мағынада емес. Жұмысының жақсы болған, салих достарының көп болған, дініне оңай құлшылық ете алатын жері дегенді білдіреді.
Мына алты қасиетті бойына жиған әйел шынайы салиха (жақсы) сипатты саналады:
1) Бес уақыт намазын үзбей оқуы,
2) Күйеуін жақсы көріп оған мойынсұнуы,
3) Барлық ісінде Аллаһ разылығын көздеуі,
4) Адамдарды шағыстырудан, өсек, ғайбат айтудан тілін тыйуы,
5) Мал-мүлік турасында “зуһд” және “қанағат” иесі болу,
6) Қиыншылықтарға қарсы сабырлы және бекем болуы.
Мұндай жақсы әйел діннің тірегі, жанұяның негізі, ғибадаттарда да қолдаушы және көмекші болады. Мұның терісі болған әйел жақсы әйел бола алмайды, өзі қуанышты болғанмен күйеуін қарабет қылады.