Untitled Document

Денсаулық... Тұмаудың алдын алу

Тұмау белгілері: дене қызуының көтерілуі, қалтырау, бас пен бұлшық ет, тамақтың ауыруы, жөтелу және әлсіздік.Тұмау тез өрбиді және бірнеше күннен 2 аптаға дейін созылуы мүмкін. Сырқат өкпе қабынуы және бронхит сияқты асқынуларға әкеледі. Сондай-ақ, бұрыннан бар жүрек пен өкпе ауруларын қайта қоздырады

Алдын алу шаралары:

* науқас адаммен байланыста болмауға тырысу;

* науқас адаммен байланыста болғанда бетперде тағу;

*инфекция таралмауы үшін қолды сабынмен немесе бактерияға қарсы құралдармен жуу;

* жөтелгенде және түшкіргенде мұрын мен ауызды бір реттік орамалмен жабу;

* көп адам жиналған жерде болмауға тырысу;

* бөлменің ауасын жиі тазарту.

Тұмауға шалдыққанда ауруды таратпау және емделу шаралары:

* үйде отбасының басқа мүшелерінен оқшаулану;

* аурудың алғашқы белгілері байқалғанда-ақ дәрігер шақыру;

* бір реттік орамал пайдалану;

* дәрумендерге бай сұйықтықтар ішу;

* дәрігердің нұсқауына сай ем қабылдау.

“Вирус ауа-тамшы жолы арқылы таралатындықтан, күнделікті гигиена сақтау, үй ішін уақытылы желдетіп, ауаны тазарту, сондай-ақ, салауатты өмір салтын ұстанып, пайдалы, құнарлы тамақтану қажет. Мұрын мен ауыз қуысын ұдайы тұзды ерітіндімен шайып, су не қант қосылмаған шырындар мен шайды көбірек ішкен пайдалы” – дейді Жұмабек Бекенов.