Untitled Document

Жалғасы... Аднан Мендерес (3)

Мендереске жемқорлықтан бастап, барлығы 13 айып тағылып, қаржы және сыртқы істер министрімен қоса өлім жазасына кесіледі. Аднан Мендерестің соңғы сөзі «Аллаһ біздің ұлтымызды жебей көрсін. Жуырда мен бұл дүниемен қош айтысамын, сондықтан мемлекетім мен халқыма шексіз бақыт тілеймін» деген болды. 1990 жылы Тұрғыт Озалдың уақытында Мендерес толық ақталып, оның өлген күні Түркия тарихының қаралы беттерінің біріне айналады.

 

Сұхбат...

Тақуалық

Имам Ағзам Әбу Ханифа, имам Шафии, имам Ахмед бин Ханбәл, имам Мәлик (рахметуллаһи алейһи әжмаин) сынды ғұламалар өмірлерін тақуалықпен өткізген.

Тақуалық – Хақ та’аланың әмірлері мен тыйымдарының алдында өте ұқыпты әрі мұқият болу, сонымен қатар ахиретте өзіне зияны тиетін нәрселерден сақтану. Бұған бір мысал келтірер болсақ:

Бір күні киіміне тиген кішкене дақты (намазға кедергі келтіретін нәжіс болуы мүмкін) тазалап жатқан Хазреті Имам Ағзам Әбу Ханифаны көрген бір кісі одан:

– Уа, имам! Берген пәтуаңыз бойынша мына кішкентай дағыңыз намазға кедергі емес қой, оны неге тазалап әуре боп жатырсыз? – деп сұраған екен. Сонда Хазреті Имам Ағзам оған:

– Ол – пәтуа еді, ал бұл – тақуалық болады, – деп жауап берген екен.

«Тақуа құлдарға көк пен жердің кеңдігіндей жәннат уәде етілген» (Аяти кәрима).

Бір хадисте ардақты пайғамбарымыз (алейһиссалам):

«Күмәнсіз, менің достарым – тақуалар» деген. (Әбу Дәуіт)