Untitled Document

Жалғасы... Аднан Мендерес (2)

Париждің шетінде орналасқан бір кафеге кіріп келгенде, соңғы халифа - сұлтан ІІ Абдулхамид ханның 80 жастағы әйелі - Шафика ханым, 60 жасар қызы - Айша ханым және отбасының қалған мүшелері француздардың ыдыстары мен кірлерін жуып жатқан еді... Мұны көрген премьер, өзін ұстай алмай, көз жасына ерік беріп, Шафика ханымның қолдарынан сүйіп: «Анашым, мені кешіре көріңіз, сізге кеш келдім!» - деп, жылапты.

Сонда сұлтан отбасының Францияға айдалғанынан 30 жыл өткеннен кейін келген отандасына қарап: «Сіз кімсіз?» - дейді. Аднан Мендерес: «Мен Түркияның премьер-министрімін» дегенінде Османлы ханымдары да егіл-тегіл жылап жібереді...

Мендерес еліне жеткен соң Түркия президенті Желал Баярға кіріп: «Мен Парижде Османлы отбасының ханымдары француздардың кірлерін жуып жатқанын көрдім. Басқа діндегілер сұлтанымыздың ханымдарын қорлау мақсатында осындай жұмыс бергендігіне күмәнім жоқ. Бұл - мұсылмандар және түріктер үшін өте масқара жағдай. Сол себепті мен оларды кешіріп, Түркияға қайтару туралы шешім шағарамын» дейді. Алайда Ататүрік ізбасарлары қарсы шығып, мәселе тек жартылай, яғни османлы әйелдеріне ғана рұқсат берумен шешіледі. Түркияда билікке талас туып кетеді деген қауіппен Осман әулетінің ер азаматтарына біраз уақытқа дейін елге оралуына тиым салынды.

Аднан Мендерес қарама-қайшылыққа толы тұлға. Өзі демократ бола тұра, демократияның қағидаларынан аттаған кездері де болған. Әрине қайраткердің бар өмірін бір жазбада ашу мүмкін емес. 50-шы жылдары Сталин Түркияны жаулауға ниетті болған-мыс. Сол себепті Мендерес Америкамен барынша тығыз қарым-қатынас орнатады. Алайда елдегі экономикалық кризис пен саяси тартыстар 1960 жылы әскери төңкеріске алып келіп, премьердің түбіне жетеді.

жалғасы ертең...