Untitled Document

Сіз білесіз бе? Аднан Мендерес (1)

Суретте Мұстафа Кемалдың замандасы, алғашында кемалисттер партиясы, кейін оппозиция мүшесі Аднан Мендерес. 1950 жылы билікке келіп, Түркия үкіметін он жыл басқарған премьер-министр. Мендерестің алғашқы бес жылдығы Түркия үшін жақсы өтті, елдің экономикасы артты. Дегенмен қайраткердің атын шығарған ісі Ататүріктің тиымдарын бұзуы, яғни азанды түрікшеден қайта арабшаға (түпнұсқаға) көшіру, әйел адамның орамал тағып жүруіне еркіндік, мешіттер мен Ислам университетін ашу, дін бостандығын қалпына келтіру болып табылады.

Енді, Мендерестің қазаққа қандай қатысы бар деген орынды сұрақ туындауы мүмкін. Өткен ғасырдың қырықыншы жылдары білесіздер, Шығыс Түркістан Республикасы құлап, ондағы қазақтардың ұлт-азаттық күресі жеңіліске ұшыраған соң, қазақтар Такламакан шөлі, Тибет пен Гималай арқылы Кашмирге жеткен болатын. Әлемнің ірі құмды шөлі, ең биік тауынан өтіп, қытайлықтармен, тибеттіктермен шайқасып, мындаған қандасынан айырылу қазаққа ауыр сынақ болды. Пәкістан да қазақтарға босқындық беріп, көрші Қытаймен қарым-қатынасты шиеленістіруге құлқылы болмады. Қалибек хакімнің Трумен мен Черчильге жазған хаты да жауапсыз қалды. Қазақтарды еліне алдыртып, бас-басына малы мен жерін бөлген Түркия ғана болды. Шындығында, Кашмирдегі қазақтардың көшу туралы өтінішін ұйымдастырып, Анкараға жолдаған Түркияның Пәкістандағы елшісі - Яхья Кемаль Беятлы мырза болатын. Өтініш Мендереске жеткеннен кейін «Қазақтарды көшіріп алу жайлы» [2-ші сурет] үкімет қаулысы шығады.

Кейіпкеріміздің өмірі жайлы дерек көп. Соның бірі, 1952 жылы Аднан Мендерес НАТО жиналысына қатысу үшін Францияға барған сапарында мұсылмандардың соңғы халифасы ІІ Абдулхамид ханның отбасы Парижге қудаланғанын естіп, іздеп барады. Үйіне барса, олардың жұмыста екендігін біліп, жұмысына барады.

жалғасы ертең...