Untitled Document

Сұхбат... Намаз оқымаудың зияндары

“Қуррәт-ул-уйун” кітабындағы хадис шәрифте былай делінген:

«Намазды үзірсіз (себепсіз) оқымаған адамға Аллаһу та'ала он бес қиыншылық береді. Бұлардың алтауы дүниеде, үшеуі өлім уақытында, үшеуі қабірде, үшеуі қабірден тұрып жатқанда болады.

Дүниеде берілетін 6 азап:

1- Бейнамаздың өмiрiнде береке, бақыт болмайды.

2- Жүзінде Аллаһтың жақсы көретін құлдарындағыдай нұр, сүйкімділігі қалмайды.

3- Ешбiр жақсы, игi iсiне сауап берілмейді.

4- Дұғалары қабыл болмайды.

5- Оны ешкiм жақсы көрмейдi.

6- Мұсылмандардың игі дұғаларының оған пайдасы тимейдi.

Өлер алдында көретiн азаптары:

1- Қиналып, қорланып жан тапсырады.

2- Қарны аш болып өледi.

3- Көп су iшсе де шөлдеу азабымен өледі.

Қабiрде берілетін азаптар:

1- Қабыр оны қатты қысады. Сүйектерi бiр-бiрiне кiрiп кетедi.

2- Қабiрi отқа толтырылып, күндiз-түнi оны жағады.

3- Аллаһу та’ала қабiрiне дүниедегi жыландарға ұқсамайтын өте үлкен бiр жылан жiбередi. Әрбiр намаз уақыты кіргенде оны шағып қинайды.

Қияметте көретiн азаптары:

1- Тозаққа алып баратын азап перiштелері қасынан айрылмайды.

2- Аллаһу та’ала оны ашумен қарсы алады.

3- Есебi өте қиын болып, соңында тозаққа тасталады».

Бес уақыт намаз оқу еркек-әйел барлық мұсылмандарға парыз. Парыз намазын оқымау – имансыз кетуге себеп болады. Намаз оқу – көңілдің нұрлануына және мәңгі бақытқа қауышу үшін себепші. Пайғамбарымыз: «Намаз – нұр» деп білдірген. Яғни намаз дүниеде көңілді жарқыратады және ахиретте сырат көпірінде жолын жарықтады.