Untitled Document

Сұхбат... Сүннет және мәкрух делінген амалдар

1) Намазда, тәшәххудта саусақ көтеруге Ханафи ғалымдарының кейбірлері сүннет, кейбірлері мәкрух, тағы бір бөлігі харам деген. Сондықтан Ханафиде тәшәххудта саусақ көтермеу керек. (Мәктубати Раббани)

2) Жұма күні тек бір күн ғана ораза ұстау мүстаһаб болады. Мәкрух деген ғалымдар да бар. Сондықтан қажет бір жағдай болмаса, жұма күні тек бір күн ғана ораза ұстамау керек. (С.Әбәдийа)

(Алдыңғы немесе кейінгі бір күнді қосып, екі күн қылып ұстау керек) 

3) Жалаңаш шомылу мәкрух деген ғалымдар бар болғанындай, жаиз деген ғалымдар да болған. (Рәддул мухтар)

Сондықтан ғұсыл алатын кезде кемінде әурет жерлерді жабатын киім киіп шомылатын болса, бүкіл ғалымдарға мойынсұнған болады.

4) Әйелдердің намазда қолдарының үстіне (алақанның артына) қатысты әурет және әурет емес деген ғалымдар бар. Ғалымдардың бәріне бағынған болу үшін әйелдердің қолдарын жабатындай ұзын жеңді намаз киіммен немесе кең орамалмен оранып оқығаны жақсы болады. (С.Әбәдийа)

5) Әйелдердің намазда аяқтарының әурет екенін, ашылған жағдайда намаздарының сахих болмайтындығын айтқан ғалымдар бар болғанындай, мәкрух болады деген ғалымдар да бар. Сондықтан әйелдер намазда аяқтарына шұлық кию керек немесе ұзын юбкамен аяқтарын жауып оқу керек. (Үмдәт-ул-Ислам)

6) Еркектердің сағыз шайнауы мәкрух болып табылады. Жаиз деген ғалымдар да бар. (Ислам Ахлақы)

Сондықтан ешқандай қажеттілік болмаса, еркектердің сағыз шайнамауы керек.

7) Түрегеп тұрып дәрет сындыру мәкрух болады, жаиз деген ғалымдар да болған. Осы тұрғыдан зәруліксіз түрегеп тұрып дәрет сындырудан сақтану керек. (Ислам Ахлақы)