Денсаулық... Суыққа қарсы
♦ Жақсылап тамақтан, таза бол, уақытылы тынық!
♦ Тазалыққа мән беріңдер! Суық деп қол жууға немқұрайлылықпен қарамаңдар.
♦ Темекі өмірімізден шығарылуы тиіс, темекі шегілген жерлерде отырмау керек.
♦ Спиртті ішімдіктер, қышқылды сусындар, әртүрлі дайын азықтар сияқты метаболик стресті арттырып, қартаюды жылдамдататын азықтардан алыс тұру керек.
♦ Әрбір стресте (ашулануда) ұстамды болу керек.
♦ Ұйқы жеткілікті болу керек. (Ересектер үшін 7 сағат)
♦ Жүйелі түрде тамақтану керек. Яғни үйде, кафеде немесе жұмыс орнында, қысқасы барлық жерде жақсы тағамдар жеу керек.
♦ Цитрусты жемістер (лимон, апельсин, грейпфрут) мен көкөністер суыққа қарсылық көрсете алады.
♦ Дәнді дақылдар, балық, балғын сүт өнімдері, балғын көкөніс және жемістер мен зәйтүн майы сияқты азықтар дастарханнан үзілмеуі тиіс.
♦ Етті қуырып пісірудің орнына, күйдірмей торға немесе буға немесе қайнатып пісіру жолын таңдау керек.
♦ Тамақтарды аз-аздан жеу керек. Дастарханнан тоймастан тұру керек.
♦ Көп-көп су ішу керек. (Күніне 1,5-2 литр)
♦ Әр күні ең аз дегенде жарты сағат жүру керек. Әрекетті өмір салты салмақ қосуға бөгет болады.
Тест...
Құрметті оқырман! «Ұлттық валюта күні» қай күн деп бекітілді?
А. 1995 ж, 2 қараша Ә. 1993 ж, 4 қараша
Б.1993 ж, 15 қараша В. 1992 ж, 12 қараша
(жауап өткен күндердегі мақалаларда)