Untitled Document

Мақала... Көркем мінез

Көркем мінез сипаты: бармай жүрген адамға бару, үзгенді жалғау, бермегенге беру, кешірімді болу, жүректі тазартып жату, Алла тағаладан кешірім сұрау.

Бұхар жырау: "Қызда қылық болмаса, құр шырайдан не пайда?" деп, ұрпақ өрбітіп, бесік тербететін болашақ аналарға ең алдымен көркем мінезді болуды насихаттаған.

"Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, мінез, ар деген нәрселермен озады. Бұдан өзге нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де - ақымақшылық" деген Абай атамыз 18-ші қара сөзінде.
Көркем мінез – екі дүниеде де бақытқа бастайтын бірден - бір таза жол.
Мінезі көркем адаммен дос болу, барлық адамның қалауы. Ал досы көпті дау алмасы анық.

Көркем мінез - адам бойындағы ұлы қасиет, әрбір адамның мінез-құлқын көркем етуі отбасы, өскен ортасындағы тәлім-тәрбиесімен бірге өзінің де ақыл-парасат, күш-жігеріне, ынта-ықыласына, ең бастысы, жаратылысына байланысты. Әке-шешенің баласына берер ең үлкен сыйы – жақсы тәрбие болса, көркем мінез сол тәрбиенің шыңы.


Барлық ой, пікірлерімізді қорытындылай келе мынадай түйін шығаруға болады:
1. Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле! Сөзіңді сүзгіден өткізіп, өлшей біл!
2. Өзіңе қатысы жоққа шырмалып, шатаспа!
3. Хақ та’аладан – тағдыр, пендеден – сабыр. Әрбір істе болаттай берік, бекем бол!
4. Мінезі жайлы, сөзі де, өзі де елге жұғымды жандармен дос болуға тырыс.
5. Жақсыларды жағалап, асыл уақытты бағалап өмір сүр!
6. Ал, ең бастысы, айнаға қараған сайын “Түрімді әдемі еткенің секілді мінезімді де көркем ет Я, Раббым” деп дұға қылуды әдетке айналдыр.