Untitled Document

Әдеп-ахлақ... Аз жеу және аз сөйлеу

Аз тамақ жеу мен аз сөйлеудің пайдалары:

  • Жүрек таза және нұрлы болады, тоқтық болса жүректі нашарлатып, ойды азайтады.
  • Аш адамның жүрегі нәзік болады, жасаған ғибадаттарының ләззатын сезінеді.
  • Аштық әлсіздік пен шаршау әкеледі. Тоқтық құтыртады.
  • Тоқ адам нәпсісіне тұтқын болады.
  • Аш адам аз ұйықтайды. Барлық ғибадаттардың негізі аз ұйықтау.
  • Тоқ адам аш адамдарды және ақырет азабын ұмытады.
  • Аз жегеннің дені сау болады.
  • Аз жегеннің шығыны да аз болады.
  • Аз жеу шеберлік, көп жеу ауру.
  • Көп жеген көп ұйықтайды, бәрінен жалқау болады.
  • Сөз күміс болса, үндемеу алтын.
  • Қайырлы сөз – керемет, үнсіздік саламат.
  • Көп сөйлеу зиян, аз сөйлеу – байсалдылық.
  • Тіліне ие болған адам барлық жамандықтардан құтылады.
  • Әзіл, мазақ және бос сөйлеу бәле-жалаға жол ашады.
  • Ащы сөйлегеннен достары қашады.
  • Даналықты көп сөйлеуден емес, үнсіздіктен ізде.
  • Тіл тура нәрселерді айтып үйренбейінше жүректе туралық болмайды.
  • Тіл кіші болса да, айыбы үлкен.
  • Көп сөйлеу достықты бұзады, орынсыз сөйлеу айыптарды ашады.
  • Өтірік сөз иманды әлсіретеді, әрі адамды масқара етеді.
  • Мазақ күлдіруі мүмкін, бірақ жүректі өлтіреді.

Жақсы сөз садақа, махшарға напақа.