Untitled Document

Ғибратты оқиға... Үйдегі қасқыр

Жәлаладдин Руми хазреттерінің «Мәснәуи» - еңбегінде Ибн Сина Әбулхасан Харқанидың (құддиса сиррух) халін сұрап барғандағы мына бір оқиға баяндалады.

Ибн Сина бірнеше кісіні ертіп Харқанидың халін сұрап барады.

Содан үйіне барса, әйелі ол кісінің үйінде жоқтығын айтады.

Сөзінің арасында: «Халін сұрап келетіндей Харқаниды әсірелеп жібермедіңдер ме? Әуре болып бекер келгенсіздер», - деген сөздер айтады.

«Кері қайтайық, оның расында қандай адам екенін жанындағы әйелінен артық кім біледі?» - деп ертіп барған адамдары кері қайтқылары келсе де, Ибн Сина оларды қайтпауға көндіреді.

Содан бәрі орманға бет алғанда, қарсы алдарынан арыстанға отын артып келе жатқан Харқани хазреттерін көреді.

Жақындағанда, расында арыстанның оған қыңқ демей бағынатынын байқап, әйелінің сөзі анау, бұл қалай болғаны деп себебін сұрайды.

Сонда Харқани хазірет: «Үйдегі қасқырға шыдамаған адамға таудағы арыстан қызмет етпейді», - деп жауап берген екен.

Сүйінші хабар

Әбу Идрис Хауалани Муаз ибн Жабалға (радиаллаһу анһ):

– Мен сені Аллаһ үшін жақсы көремін, – деген кезде, хазреті Муаз оған:

– Саған сүйінші хабар айтайын, мен Аллаһ Елшісінің (алейһиссалам): «Қиямет күні Аршының айналасына бір топ адам үшін орындықтар дайындалады. Олардың жүздері он төртінде толған айдай болады. Адамдар үрейленген кезде, олар үрейленбейді. Адамдар қорыққан кезде, олар қорықпайды. Олар өздеріне ешбір қауіп пен қайғы болмаған Алланың достары. Бұлар бір-бірін Аллаһ разылығы үшін жақсы көрген адамдар» дегенін естідім, – дейді.