Untitled Document

Сіз білесіз бе? Арал жайлы 10 дерек

* Оның қазіргі атауы 20 ғасырда пайда болған. Теңіздің мөлшері кішірейіп, судың бетінен бірнеше аралдар көрінгендіктен, жергілікті тұрғындар оны «Арал» теңізі деп атап кеткен.

* 1950 жылдары жер бетіндегі ең үлкен көлдердің арасында, 4-ші орында болған.  Көлемі 68 мың км2-ты құраған. Қазіргі уақытта, оның көлемі 8 есе азайды (8303 км2).

* Өткен ғасырдың ортасында, Әмудария мен Сырдария өзендерінің арналары жасанды түрде өзгертілді. Дала аймақтарындағы егістік жерлердің құнарлылығын арттыру үшін, оларды осы өзендердің көмегімен суара бастады. Нәтижесінде, Аралға құйылатын судың ағымы күрт азайып, оның құрғап қалуына әсер етті.

* Ғалымдардың айтуынша, болашақта теңіздің орнында Арал-Құм шөлі пайда болады. Ол Қызылқұм және Қарақұм шөлдерінің жалғасы болады. Теңіз жойылып кеткен соң, оның айналасындағы климат та өзгереді. Ал, маңында қоныстанған жергілікті халық, судың жетіспеушілігінен зардап шегеді.

* 1989 жылы ол Солтүстік және Оңтүстік болып, екі тәуелсіз су қоймасына бөлінді. Өз кезегінде Оңтүстік Арал теңізі – Шығыс және Батыс болып екіге бөлінді. 2014 жылы Шығыс бөлігі толығымен құрғап қалды.

* Кеуіп қалған жерлерінен 60-қа жуық тарихи және сәулет ескерткіштері табылды. Зерттеушілердің айтуынша, ежелгі уақытта бұл жерде адамдар өмір сүрген. Судың түбінен: керуен жолдарының іздері, тастар, кірпіш шеберханасы, шамдар мен монеталар, ірі диірмендер мен астық қоймалары табылды.

* Ол ерекше теңіз. Физикалық заңдарға сәйкес, Жердің айналу әсерінен барлық өзен-көлдер оңға қарай бұрылады. Арал теңізінің бағыты керісінше: ол солға қарай ауытқып, сағат тілімен жүреді.

* Жер бетіндегі ең тұзды көлдердің бірі. 1960 жылға дейін оның тұздылығы 10-11%-дан аспаған, бірақ судың көлемі азайғандықтан, тұздың мөлшеріде артты.