Untitled Document

Сіз білесіз бе? Қазақстандағы қаржы пирамидалары (1)

2018 жылдың сәуір айында жұмысын тоқтатқан "Квестра" Кабо-Верде Республикасында ор­на­ласқан "Atlantic Global Asset Manag­me­nt" компаниясының еншілес кәсіп­оры­ны бо­лып шыққан. Олар "клиенттерін" ком­па­нияның өкілдері мен веб-сайты арқылы іздеп тауып, қармағына іледі екен.

Еліміздің Бас прокуратурасы қор нарығында жоғары кіріс­терді уәде еткен осындай компания­лар­ды тексерді. Олардың бир­жа нарығына ешқандай сатылым шығармайтындарын анықтады. Жаңа салымшылар есебінен қаржысын көбейтүмен айналысқан.

Олардың негізгі белгілері:

* "Олардың құзырында депозиттерді қабылдауға рұхсат беретін Ұлттық банктің лицензиясы, жарғысы және мемлекеттік тіркеуден өткен реттік нөмірі жоқ;

* Ұйымның қаржылық капиталы туралы мәлімет те жоқ;

* Ұйымға келгендерге қойылар басты талап – мүшелік жарна төлеуді міндеттеу;

* Бонус солардың мүшелік жарнасының мөлшеріне қарап анықталады;

* Ең соңғы белгісі БАҚ арқылы жарнамасы: Олар бұдан ақша аямайды".

Ұлттық банктің сайтында жарияланған мәліметтерге келсек. Олар 2010-2017 жылдары халықтың 7 млрд 145 млн теңгесін қақса, 2018 жылдың бірінші жартысындағы есеп – 20 млн теңге.

2022 жылдың ақпан айында Қазақстанның Ішкі істер министрлігі 30 мыңнан астам қазақстандық пирамидалардың жаңа құрбаны болып, 54 миллиард теңгеден астам шығынға ұшырағанын хабарлады. 

Тарих не дейді? 1960 жылы америкалық олигарх Бернард Мэдофф адамзат тарихындағы ең ірі "Mэdoff Investment" қаржы пирамидасының ірге тасын қалаған. Ол жарты ғасыр жыл бойы ірі компанияларды сазға отырғызуға негізделген қаржылық жүйені өмірге әкелді.

жалғасы ертең...