Untitled Document

Жалғасы... Кітапханалар тарихы (2)

Ислам әлемінде алғашқы кітапхана халифа хазреті Муауиа заманында құрылды. Аббасилер заманында көптеген ғалымның мыңдаған кітаптан тұратын кітапханалары бар еді. Кейіннен қолында кітабы жоқ адамның да оқи алуы үшін жалпыға (халыққа) арналған кітапханалар құрыла бастады. Алғашқы жалпыға арналған кітапхананы «Бәйтул-хикмә» (хикмет үйі) деген атпен Аббаси халифасы Харун Рашид ашқан. Мұнда әртүрлі тілде мыңдаған кітаптар жиналды. Уақыт өтуімен кітапхана қызметкерлері де көбейіп, кітапхананың сыйымдылығы да үлкейе берді. Аудармашылар, жазушылар және оқырмандар үшін бөлек-бөлек арнайы бөлмелер тағайындалды. Бұған қоса мешіттер мен медреселерге де тиесілі кітапханалар бар еді. Кардобадағы Әндулус Әмәуилер құрған 400 мың кітабы бар кітапхана әлемге әйгілі еді. Бұл кітапхана да, бұдан өзгелері сияқты алдымен Берберлер тарапынан, кейін Испандықтар тарапынан тоналып, өртеліп жойылды. Еуропаның қараңғылықтан оянуына, ренесанс (өркендеу дәуіріне) қадам басуына да осы Әмәуи мәдениетінің әсері мол болды. Сәлжуктер заманында тек Улу жами кітапханасының өзінде бір миллион қырық мың кітап бар еді. Османлылар заманында бұл дәстүр кеңінен етек жайды. Османлы дәуірінің алғаш кітапханасы Осман патша заманында Изникте (Никея), екіншісі Эдирнеде құрылған. Кейін келе ірі аймақтардың барлығында кітапхана мәдениеті дамып, кітаптар қоры көбейіп заманымызға дейін жетіп келді. Стамбул қаласында шыққан өрттің салдарынан кітапхананың зардап шегуінен кейін кітапханалар қалыңдығы бір метрлік дуалдармен, темір жақтаулы терезелермен ерекше сәулетте салына бастады. Кітапхана қызметкерлері өрт шыққан жағдайда терезелерді жауып кітаптардың зиян көруіне жол бермейтін. Бұл ғимараттар өртке ғана емес, зілзалаға қарсы да төзімді болды.