Untitled Document

Сұхбат... Дәрет қалай алынады?

1.     Дәрет алатын кезде мына дұға оқылады; Бисмиллаһил-азым. Уәлхамду лиллаһи алә динил Ислам уә алә тәуфиқул иман. Әлхамду лиллаһиллази жәаләл маә тахуран уә жәаләл исламә нуран” Мағынасы: Ұлы Аллаһтың атымен бастаймын. (Бізге) Ислам дінін берген және иманды сыйлаған Аллаһу Та’алаға мадақ болсын. Суды тазартушы, Исламды да нұр еткен Аллаһқа хамд болсын.

Сосын екі қол бiлекке дейiн үш рет жуылады.

2.       Оң қолымен ауызды шаяды.

3.       Оң қолымен мұрынға үш рет су алынып, сол қолымен сiңбiрiп мұрынды тазалайды.

4.       Алақанымен су алып, беттi үш рет жуады.

5.       Оң қолды үш рет шынтаққа дейiн жуады.

6.       Сол қолды үш рет шынтақта дейін жудады.

7.       Екi қолды жуып болған соң тағы да екi қолды қайта жуып басты мәсiһ етеді.

8.       Екі қолдың сұқ саусақтарымен екі құлақтың iшiн, бас бармақтармен құлақтың сыртын мәсiһ етеді.

9.       Қолдың сырт жағымен желкеге мәсiһ тартады.

10.   Мойынды мәсiһ еткеннен кейiн, сол қолдың кіші саусағымен оң аяқтың кiшкене бармағынан бастап, араларын хилаллау арқылы, аяқты тобықпен қоса үш рет жақсылап жуады.

11.   Сол аяқты үш рет жууда тағы да сол қолдың кіші саусағымен бас бармақтан бастап, рет-ретiмен аяқтың кiшкене бармағына қарай жуған жөн.