Untitled Document

Денсаулық... Пайдалсы жеміс

Күз - жемістер мен көкеністердің пісіп, жинап, сақтайтын уақыты. Дұрыс сақталғандарын күн жылынып көктем шыққанша пайдалануға болады. Олардан неше түрлі тосаптар мен сусындар жасап, кейбірін тамаққа да қосамыз. Пайдасы орасан зор. Солардың бірі алма. Алманың пайдалары жайлы:

Өмірді ұзартады

2011 жылы Америкадағы химиялық қоғамның өткізген зерттеу нәтижесі бойынша, алманың көмегімен өмірді 10 пайызға ұзартуға болатыны анықталды. Сондай-ақ алма жегеннен кейін ағзаның белсенділігі де арта түседі екен. Бұл зерттеу жануарларға қолданылғанымен, нәтижесі адам ағзасына да қатысты деп саналды.

Есте сақтау қабілетінің жақсаруы

Массачусетс штатының университеті жүргізген зерттеу нәтижесі бойынша, алма мидағы нейротрансмиттер ацетилхолиннің санын көбейтеді. Ол мидың жаңа құрылымдарды құрып, өзгертуге көмектесетін нейропластикалық модуляцияның қызметін іске қосады. Мидағы ацетилхолиннің артуы есте сақтау қабілетінің жақсаруына әсер етіп, Альцгеймер ауруының алдын алады.

Инфаркт, инсульт қаупін азайтады

Әдетте инсульт, инфаркт, атеросклероз аурулары LDL-холестеринінің көп болуынан туындайды. Ал алма ол холестерин санын 23 пайызға азайтады. LDL-холестеринді азайтатын арнайы дәрі-дәрмек 18-50 пайызға дейін төмендетсе де, өзге зиянды ауруға апарып соғуы мүмкін. Ал алма мұндай артық ауруларға төтеп береді.

Ісік ауруларының алдын алады

Гавай аралында жүргізілген зерттеу нәтижесі бойынша, ең көп алма жеген топта қатерлі ісік ауруының пайда болу қаупі 40-50 пайызға дейін төмендеген. Алманың құрамындағы антиоксиданттар адам ағзасындағы өкпе ісігінің пайда болуына әсер ететін үдерістерге бөгет болады.