Untitled Document

Сұхбат... Үстемдік пен абырой иманда

Иман – дүниеде қол жеткізу мүмкін болған дәрежелердің ең биігі. Одан асқан биік дәреже жоқ. Иман келтіру оңай іс емес. Тіпті сүйікті пайғамбарымыз: «Неге сенбейді, олар мәңгі отта жанады ғой»-деп кеудесін паршалардай ғибадат ететін. Мүбәрәк аяқтары ісігенше намаз оқитын. «Йа Раббым! Оларға хидаят бер!»- деп жалбарынатын. Кейін Аллаһтан аят келді: «Ей Хабибім! Сен кеудеңді паршалардай өзіңді бұлай қинама. Өйткені хидаят менің қолымда. Кімнің мүмин болатынын, кімнің болмайтынын мен білемін. Мұның хикметі бар. Сен айтып, түсіндіріп өт. Өйткені хидаятқа келтіру сенің қолыңда емес, менің қолымда. Саған барлық нәрсені бердім, бірақ оны бермедім. Ол тек қана мен білетін іс.»    

Хазреті Омар халифалығы кезінде түйесімен Шамға барады. Шам қаласына жеткенге дейін түйеге құлымен кезектесіп мінеді, бір сағат өзі мінеді, бір сағат құлы мінеді. Шам қаласына кірер кезде түйеге міну кезегі құлына келеді. Көшелер халифаны қарсы алуға шыққан халыққа толы еді. Сонда жанындағылар хазреті Омарға айтады: 

«Мырзам бұлай болмайды, бұл халық үйреніп қалған, түйенің үстіндегіге құрмет көрсетеді, өтініш түйеге сіз мініңізші!»

Сонда хазреті Омар былай дейді:

«Біз өте әлсіз, нашар қауым едік. Балаларымызды тірідей топыраққа көметін едік. Яғни дүниенің ең жабайы, ең төмен қауымы едік. Аллаһ бізді мұсылман қылып ең биік дәрежеге қауыштырды. Егер әлі күнге дейін үстемдік пен абыройды түйенің үстінен іздейтіндер бар болса, міне түйе. Мен Мұхаммед алейһиссаламның үмметімін. Аллаһқа иман еттім. Осы абырой маған жеткілікті. Кезегім келмей тұрып түйеге мінбеймін».