Untitled Document

Сұхбат... Дүние жаман ба?

Хазреті Имам Раббани былай дейді: Дүние – сені Аллаһу та’аладан алыстататын нәрсе деген сөз. Әйел, бала-шаға, мал-мүлік, атақ-даңқ, мансап ойлары, уайымдары Аллаһу та’аланы ұмыттыратындай дәрежеде көп болса, ол дүние болып саналады. Сазды аспаптармен, ойындармен, пайдасыз бос нәрселермен уақыт өткізу (құмар ойындары, жаман достар, жаман кинолар, жаман журналдар мен романдар) дүние деген сөз. Дүние мен дінді бірге ұстанып жетістікке жету мүмкін емес. Ахиретте жетістікке жету үшін дүниеден бас тарту керек. 

Дүние – ахирет үшін табыс жиналатын (сауап жинайтын) жер. Табыс жиналатын жерді дініміз жамандаған емес. Керісінше харам табыстарды жамандаған. Дүниені жамандап айтылған хадис шәрифтерге осы тұрғыдан қарау керек: 

«Дүниеге деген махаббат – бүкіл қателіктердің басы.» (Хаким)

«Дүние малғұн. Тек Аллаһ үшін болғандарынан басқа.» (Ибн Мажә)

«Дүниенің соңынан қуған адам қанағатсыз болады. Әрдайым жоқшылықпен күресіп, істері күрделенеді. Несібесінен артық еш нәрсеге қауыша алмайды. Ал ахырет үшін еңбек еткен адамның істері жеңілдейді, көңілі тоқ болады. Жүзін бұрған дүниеліктері өзіне қызмет етеді.» (Тирмизи)

Бай болу және би болу басқа, байлық пен билікті жақсы көру басқа. Дүниеде де, ахыретте де бақытқа қауышу үшін, адамдарға қызмет ете алу үшін бай болу және басшы болу өте жақсы. Бүкіл дүние бір адамдікі болса, байлығымен тәкаппарланбастан дінге сәйкес жұмсаса, ол адам өте үлкен сауапқа қауышады. Сүлеймен алейһиссалам асқан байлықпен салтанаттың ішінде өмір сүрсе де Аллаһу та’ала Құран кәрімде: «Ол неткен жақсы құл» деп мақтаған. (Сад 30)