Untitled Document

Сұхбат... САИД БИН ЗӘЙД (радиаллаһу анһ)

Саид бин Зәйд ибн Амр бин Фудайл – ашәрә-и мубәшшәрәнің бірі. Яғни Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) жәннатпен сүйіншілеген он сахабаның бірі. [Хазреті Омардың (радиаллаһу анһ) қарындасы Фатиманың (радиаллаһу анһа) күйеуі еді. 51 жасында қайтыс болды]. Риуаят етілуі бойынша, бір әйел біраз сахабалар отырған жерге келіп, «Саид бин Зәйд (радиаллаһу анһ) менің жерімді алып, ол жерге ғимарат тұрғызды. Оған айтыңдар, жерімді қайтарсын. Әйтпесе Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) мешітіне барып, оған шағым жасаймын» деді. Сахабалар әйелдің бұл сөзін Саид бин Зәйдке (радиаллаһу анһ) жеткізді. Саид: «Хазреті Расулуллаһтан (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) естідім, «Кімде-кім өз хақысы болмаған бір қарыс жерді алса, Аллаһу та'ала оны жеті қабат жерден қуады» деген еді» деді. Бірақ бұл хадис шәрифті «Китаби Мәшарикте» Саид бин Зәйдтен былай риуаят етілгенін көрдім: «Кімде-кім зұлымдықпен бір қарыс жер алса, қиямет күні ол адам жеті қабат жердің түбіне батқанша ол жер мойнында тұрады».

Саид бин Зәйд (радиаллаһу анһ) әйелдің айтқандарын жеткізген сахабаға «Ол әйелге айт, өзінікі деп санаған жерді алсын» деді. Кейін ол былай дұға етті: «Аллаһым! Егер ол әйел өтірік айтып, маған жала жапқан болса, оның көзін көр қыл! Көздері көрмей өлсін!». Естігендер бұл сөзді әлгі әйелге жеткізді. Әйел Саид бин Зәйдтің үйін бұзып, өзіне үй тұрғыза бастады. Көп уақыт өтпей көзі көрмей қалды. Түндері қызметшісін оятып, оның қолынан ұстап баратын жеріне баратын болды. Бір түні қызметшісін оята алмады. Жалғыз өзі далаға шықты. Далада құдыққа түсіп кетті. Таңертең құдықта өлі жатқан денесі табылды.