Untitled Document

Сұхбат... ХАЗРЕТІ ОСМАН ЗИННУРӘЙН (радиаллаһу анһ)

Хазреті Османның күнясі Ибн Абдуллаһ, ал лақаб аты Зиннурәйн. Бұл лақаб Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) екі қызына үйленуі себебімен берілген. Расулуллаһ алдымен қызы хазреті Руқайяны, ал оның қайтыс болуынан кейін қызы хазреті Умму Гүлсүмді хазреті Османмен некелестірді. «Тағы бір қызым болса, оны да Османға берер едім. Адамдардың ешбіріне пайғамбардың екі қызымен некелесу нәсіп болмаған» деген. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) тағы хазреті Осман туралы «Ол есепсіз жәннатқа кіреді» деген. Хазреті Осман Мәдинаға жарты фәрсах қашықтықта орналасқан Рума құдығын Әбу Абдуллаһ бин Мәндарадан отыз мың ақшаға сатып алды. Оны жөндетіп, мұсылмандардың тегін қолдануына арнады. Тәбук соғысында күн өте ыстық еді. Тамақ пен көлік өте аз еді. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) «Мына әскерді кім жабдықтайтын болса, ол жәннатқа кіреді» деді. Мұны естіген хазреті Осман он мың динар әкелді. Мұны көрген Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) «Йа, Осман, Аллаһу та'ала сенің өткен және келетін, басқа риуаятта, жасырын және ашық күнәларыңды кешірсін» деді. Басқа хадис шәрифте хазреті Осман туралы «Біліп қойыңдар, аспандағы періштелер ұялатын адамнан мен де ұяламын» деген.

Ади бин Хатәм (радиаллаһу анһ) былай айтып берген: «Хазреті Осман бин Аффан (радиаллаһу анһ) шәһид етілген күні біреудің «Ибн Аффанға шаттық, рахаттық, бақыт пен жәннаттағы сансыз ниғметтерін және Раббының разылығын сүйіншілеңдер» дегенін естідік. Айналамызға қарадық, бірақ ешкімді көре алмадық».