Untitled Document

Жалғасы... Алматы қаласы туралы мәлімет (2)

1865 жылы он бірінші сәуірде Верный бекінісінің атауы өзгертіліп, Алматинск қаласы болды. Алайда дәл осы жылы "Дала комиссиясының" шешімімен бұл атау қайта өзгертіліп, Верный қаласы болып ауысты. Қала атауын алған Верный Вернинск уезі мен Жетісу ауданының орталығы болды.

Алматы алманың отаны саналады. 1921 жылы Верный атауы Алма-Ата деп өзгерту туралы шешім қабылданды. Бес жыл өткен соң қалада Түркістан-Cібір теміржолы салынатын болды. Түркісіб құрылысы бұл қаланың Қазақстанның астанасы болуға ықпал етті.

Осылайша, 1927 жылы екінші наурызда ҚазАКСР астанасы Қызыл-Ордадан Алматыға көшірілді.

1935 жылы Алматы әуе жолы ашылып, Мәскеумен әуе арқылы байланысқа шықты. Бұл Орталық стадион ауданындағы шағын аэродром болатын. Ал қазіргі Алматы халықаралық әуежайы Майлин көшесі, 2 мекенжайында орналасқан. Ол 2004 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бұл әуежайдың құрылысы ескі аэропорт ғимараты 1999 жылы өрттен кейін 2000 жылы басталды. Алматы әуежайынан әлемнің 55-тен астам қалаларына тұрақты рейстер бар.

Тәуелсіздік жылдарындағы Алматы

«Алматы» атауы қалаға 1993 жылы берілді. Ал Қазақстанның тұңғыш президенті шешімімен 1997 жылы ел астанасы Алматыдан Астанаға ауыстырылды.

1998 жылдың 1 шілдесінде Алматы қаласының мәртебесі туралы жаңа заң қабылданды. Соған сәйкес, Алматы қаласы республикалық маңызы бар қала болып табылады.

Қаладағы ең алғашқы жоғары оқу орны Қазақ мемлекеттік педагогикалық институты 1928 жылы ашылды.

Ал қала метросының құрылысы 1988 жылы басталған болатын. Алайда Кеңес одағының ыдырауынан метро құрылысы тоқтап қалды. Құрылыс жұмыстары тәуелсіздік алғаннан кейін 2003 жылы қайта жандана бастады. 2011 жылы Алматы метросы салтанатты түрде ашылды.

2022 жылдың қазан айындағы дерек бойынша қалада  2 147 113 адам тұрады.