Untitled Document

Сұхбат... Әмәнәррасулудың қасиеті

Сұрақ: Құптан намазынан кейін оқылатын «Әмәнәррасулудың» (Бақара 285-286) қасиеті қандай?

Жауап: «Әмәнәррасулудің» қасиеттері көп. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Түнде Бақара сүресінің соңғы екі аятын (Әмәнәррасулуды) оқыған адамға осы екі аят барлық нәрсе үшін жеткілікті» (Бұхари, Мүслим, Әбу Дауд, Тирмизи, Ибн Мажә)

«Түнде “Әмәнәррасулуды” оқығанның сауабы бүкіл нәрсе үшін жеткілікті. Осы екі аятты құптан намазынан кейін оқыған адамға түнді ғибадатпен өткізгендей сауап беріледі» (Шира) 

«Менен бұрын келген ешбір пайғамбарға берілмеген Арштың астындағы қазынадан маған Бақара сүресінің соңғы аяттары (Әмәнәррасулу) берілді» (И. Ахмед)

«Рахмет (мейірім), Құран және дұға болған Бақара сүресінің соңғы екі аятын біліңдер, бала-шағаларыңа да үйретіңдер» (Хаким)

«Қайтыс болған мұсылманды көп күттірмеңдер, қабіріне апаруға асығыңдар. Қабірінде оның басы жақ тұсында Фатиха, ал аяқ тұсында Бақара сүресінің соңын оқыңдар» (Табарани)

Ислам дінінің ұлылары былай білдірген:

«Ақылды адам Әмәнәррасулуды оқымастан төсегіне жатпайды.» (Омар бин Хаттаб)

«Бақара сүресінің соңынан үш аят оқымастан жатқан адамға ақылды делінбейді.» (Әли бин Абу Талиб)

Сүйікті пайғамбарымызға Миғражда берілген үш ерекше нәрсе:

1.    Бес уақыт намаз,

2.    Әмәнәррасулу аяттары,

3.    Ширк қоспай өлгендердің күнәларына шапағат ету құқығы. (Абдуллаһ ибн Мәсуд)