Untitled Document

Сұхбат... Ихлас сүресінің қасиеті

Сұрақ: Ихлас (Қул һуаллаһу ахад...) сүресін оқудың қандай қасиеттері, құндылықтары бар?

Жауап: Ихлас сүресін оқудың қасиеті өте көп. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

         «Ихлас сүресін оқу, Құран кәрімнің үштен бірін оқығанмен бірдей» (Бұхари)

«Он рет Ихлас сүресін оқыған адамға жаннаттан бір сарай беріледі» (И.Ахмед)

«Жатарда жүз рет Ихлас сүресін оқыған адам жәннатқа кіреді» (Тирмизи)

«Таң (бамдат) намазынан кейін 11 рет Ихлас сүресін оқыған адамға жәннаттан бір сарай беріледі» (Хараити)

«Таң намазынан кейін 12 рет Ихлас сүресін оқыған адам, Құран кәрімді төрт рет хатм еткендей сауапқа қауышады» (Бәззар)

«Азанда кешке үш рет Ихлас және муауиззәтәйн (Фәлақ, Нас) сүрелерін оқу бәле-жаладан және қиыншылықтардан қорғайды» (Тирмизи)

«Үйге кірер кезде Ихлас сүресін оқыған адам кедейшілік көрмейді» (Т. Куртуби)

«Ихлас сүресін оқыған мұсылманға жәннат уәжіп болады» (Нәсаи)

«Кімде-кім сапарға шығарда 11 рет Ихлас сүресін оқыса, Аллаһу та’ала сапардан қайта оралғанға дейін оның үйін қорғайды» (И. Нәжжар)

«Арапа күні (барлығын бисмилләһпен айтып) мың рет Ихлас сүресін оқыған адамның бүкіл күнәлары кешіріледі және барлық дұғасы қабыл болады» (Әбушшәйх)

«Жұма намазынан кейін жеті реттен Ихлас, Фәлақ және Нас сүрелерін оқыған адам бір апта қазадан, бәле-жаладан және жаман істерден қорғанған болады» (Ибн Сүнни)

«Жатарда Фатиха және Ихлас сүрелерін оқыған адам өлімнен басқа барлық нәрсенің зиянынан амандықта болады» (Ибн Абдилбәрр)