Сұхбат... Шапағат
Қиямет күні Аллаһу та'аланың рұқсатымен пайғамбарымыздың “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” бастауымен барлық пайғамбарлар, ғалымдар, шәһидтер, салихтер (жақсы адамдар), кішкентай жаста қайтыс болған мұсылман балалар және Аллаһу та’аланың рұқсат еткен басқа да құлдары күнәсі көп мұсылмандардың күнәларының кешіріліп, жаһаннамнан шығарылуы үшін, жаннаттағылардың дәрежелерінің көтерілуі үшін Аллаһу та’аладан жалбарынып сұраулары, осы тұрғыда себепші болуларына – шапағат делінеді.
Аллаһу та’ала аяти кәримада былай деген: «Ол күні Аллаһу та’аланың өзіне шапағат етуге рұқсат берген және сөзінен разы болған адамдардан басқаның шапағаты пайда бермейді». (Таха сүресі 109)
Хадис шәрифтерде былай делінеді: «Үмбетімнің ішінен үлкен күнә істегендерге шапағат етемін». (Имам Ахмед)
«Қиямет күні ең бірінші мен шапағат етемін». (Мүслим)
«Қиямет күні алдымен пайғамбарлар, содан кейін ғалымдар, шәһидтер шапағат етеді». (Ихия)
«Қияметте абид (құлшылық еткен) жәннатқа креді, ал ғалым халыққа шапағат ету үшін күтеді». (И. Мауәрди)
Шапағатты жоққа шығарудан, мойындамаудан сақтану керек. Өйткені Хадис шәрифте: «Шапағатыма сенбеген адам, оған қауыша алмайды» деп бұйырылған. (Ширатул-Ислам)
Хазреті Имам Раббани былай дейді: «Пайғамбарлардың соңғысы Расулуллаһ алейһиссалам сияқты бір шапағатшы болмағанда, бұл үмбеттің күнәлары өздерін құрдымға кетіретін еді. Шапағатқа ең көп мұқтаж болған осы үмбет. Өйткені бұл үмбеттің күнәлары көп. Алайда, Аллаһу та’аланың кешірімі мен мейірімділігі шексіз. Аллаһу та’аланың бұл үмбетке кешірімімен мейірімін төгетіні соншалық өткен үмбеттердің ешбіріне мұндай рақымдылық еткені білінбеген. Тоқсан тоғыз рақымдылығын құдды осы күнәһар үмбетке бөліп қойғандай...»