Untitled Document

Сіз білесіз бе? Ұмыт болған сөздер

Аңдамақ- ұлттық ойын түрі.
Талқы — иленген теріні жұмсартатын құрал («жиналыста талқыға салды» деген осыдан шықса керек)

Шүлен — жомарт деген мағынаны білдіреді (шөлді шүлен етті, шүлен таратты деген тіркестер бар)

Шаша — жылқының аяғындағы қыл (шашасына шаң жұқпас жүйрік)

Ежеқабыл, Белқұда, Қызыл құда — балаларын тумай жатып атастырған құдалар.
Бүлдіргі — қамшының білекке ілетін бауы. (мұны «бүлдірге» деп те айтады.
«Қолымда бір қамшым бар бүлдіргелі»,
«Бүлінген елден бүлдіргі алма» дейді).
Асадал — ыдыс-аяқ сақтайтын қапшық (аяқ қап та сондай).
Бұйда — түйеге бұйда, атқа шылбыр тағылады
Шырға тарту — бүркітті аңға түсуге үйреткенде аңның тұлыбын (шырға) тартады.
Абадан — қасқыр үйірінің басшысы (көсемі)
Саһар — аққудың қоразы
Өжектеу — сөз таластыру
Сауын айту — үлкен асқа, тойға шақыру
Атырау — өзеннің теңізге құяр жері
Жік — шайтан («Жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты»)
Сірге жияр — күзгі қой қырқу, астық жинау сияқты жұмыстар аяқталған соң ауыл-аймақ үшін жасалатын шағын той.
Пеш — түрік сөзі. Пиш, пыш, пісіру, жылыту деген мағынаны білдіреді.
Тіз киім — іш киім
Үпті — дүние, мүлікті, жасаулы деген мағына береді. («Бәленбайдың үйі үпті»)
Әспет — адамға құрмет, ілтипат білдіру — әспеттеу
Аужал — ас, тағам. (Осыны аужал ете тұрыңдар).