Untitled Document

Сұхбат... Құнды хадистер

Мына жеті нәрсе келмей тұрып, пайдалы амал етуде асығыңдар

1- (Аллаһты) Ұмыттыратын кедейлік,

2- Азғыртатын байлық,

3- Саулықты бұзатын ауру,

4- Алжастыратын кәрілік,

5- Кенеттен келген өлім,

6- Дәжжал,

7- Қиямет – бұл барлығынан да қауіпті.» (Тирмизи, Хаким)

«Адамды құртатын үш нәрсе:

1- Сараңдық,

2- Нәпсіге бағыну,

3- Өзін ұнату

Адамды құтқаратын үш нәрсе:

1- Жасырын не ашық Аллаһу та'аладан қорқу,

2- Кедейлік пен байлықта бір қалыпта болу,

3- Реніш пен қуанышта әділетті болу

Күнәларға каффарат болатын үш нәрсе:

1- Мешітке бару,

2- Намазды оқығаннан кейін келесі намазды күту,

3- Қатты суықта жақсылап дәрет алу.

Дәрежелерді көтеретін үш нәрсе:

1- Тамақ беру,

2- Сәлемді жаю,

3- Барлық адам ұйықтап жатқанда түнгі намазды оқу» (Хатиб)