Untitled Document

Жалғасы... Samsung Group туралы (2)

Қазіргі логотип — компанияның атауы ішінен жазылған көк эллипс. Керемет үйлескен дизайн мен сәтті жарнамалық кампания өз қызметтерін артығымен орындады: логотипті бүгінде танымайтын адам жоқ. Эллипс пішінді логотип әлем кеңістігіндегі қозғалысты, жаңару идеясын және жоғарыға көтерілуді білдіреді.

1994 жылы сауда көлемі 5 млрд АҚШ доларына жетеді. Ал, 1995 жылы экспорт көлемі 10 млрд доллардан асып түседі.

1997 жылдың мамыр айында Samsung Electronics «Сысмыз байланыс құралдары» категориясында «Олимпиада серіктесі» атанады. Шанхайдағы CDMA құрылғыларының басты экспортерына айналады. Осы жылы компания салмағы 137 грамм болатын әлемдегі ең жеңіл CDMA телефонын шығарады.

1998 жылы сұйық кристалды мониторлар нарығының ең үлкен еншісі осы компанияға тиесілі болады. Санды теледидарлар өндірісін жаппай шығару осы жылдан басталып кетеді.

1999 жылдың қаңтар айында Forbes Global журналы Samsung Electronics-ке «Тұрмыстық электроника өндірісіндегі үздік компания» сыйлығымен марапаттайды.

2004 жылы компания «Жыл бренді» аталымын «Бедел және сенім» номинациясында жеңіп алады. Одан бөлек, түрлі тауарлық номинацияларда 2 алтын және 1 күміс жүлдеге ие болады.

2005 жылы компанияның сатылымы 56,7 млрд долларды құрайды. Ал, таза табысы — 7,5 млрд доллар болады. Және Челси футбол клубының негізгі демеушісі ретінде де жұмысын осы 2005 жылы бастайды.

Ұялы телефондар мен смартфондар

Samsung телекоммуникация нарығына 1977 жылы шығады. Он жыл өткен соң 1988 жылы корей нарығында SH-100 ұялы телефоны пайда болады. Бұл тек Самсунгтың алғашқы телефоны емес, Кореядағы алғашқы телефон ретінде тарихта қалған.

Тачскринді алғашқы телефонын Samsung 2008 жылы шығарады. Ал Android жүйесіндегі алғашқы телефон I7500 2008 жылы шыққан. Бұл алғашқы Galaxy болатын.