Untitled Document

Сіз білесіз бе? Samsung Group туралы (1)

Оңтүстік Кореядағы ең ірі компаниялар тобының бірі. Әлемдік нарықта тұрмыстық техника, аудио және видео құрылғылар шығарушы ретінде белгілі.

Компанияның негізі қалай қаланды? Samsung халықаралық концернінің тарихы Тэгу қаласындағы шағын қоймадан бастау алады. 1930-жылдары Ли Бен Чхоль атты кәсіпкер өз кәсібін ашады. Ол кезде күріш ұнын тартып, өзінің  дүңгіршегінде жұмысын дөңгелетіп жүреді. Бұл уақыт Кореяның Жапония колониясы болған кез еді. Ел ішінде жеке кәсіпкерлікпен айналысу өте қиын болған. 1938 жылдарға қарай бизнесмен құрамында 40 адамы бар сауда фирмасын ашады. Кәсібі — Кореядан Қытай, Манчжурияға күріш, қант, кептірілген балық экспорттау.

Азық-түлік өнімдерін жеткізу жұмысы жақсы дамығаны сонша, Samsung Trading Company енді сауда белгісі ретінде ресми тіркелді. Корея үшін компания атауы тың болса да, бұл кәсіпкердің жоспарының ауқымдылығын байқатқандай болды. Корей тілінен аударғанда Samsung (тәжірибелік транкскрипциясы бойынша «самсон») «үш жұлдыз» дегенді білдіреді. 

Екінші Дүниежүзілік соғыс  Samsung-тің одан әрмен дамуыаһна үлкен үлес қосты. 

Бірақ, 1950 жылы Корей түбегінде азамат соғысы басталып кетті. Компанияның негізгі қоймалары майдан сызығында қалып кетеді. 

Аңыз бойынша, компанияның қайта өрлеуі 1951 жылы кәсіпкердің күл-қоқыстың арасынан ақша тауып алғанынан басталады. Ол бірден табылған ақшаны тоқыма фабрикасы, қант зауыты мен сақтандыру компаниясына секілді жаңа істерге салады.

1973 жылдың тамыз айында корпорацияның бас кеңсесі Сувон қаласына көшіріледі. Мұнда, кір жуғыш машиналар мен тоңазытқыштардың жаппай шығарылымы басталады.

1977 жылы Samsung Electronics  компаниясының экспорттық көлемдері 100 миллион доллардан асады.

1987 жылы компания басшылығына Ли Бён Чхольдың кіші ұлы Ли Гонхи келеді. Оның басшылығымен компания жаңа белестерді бағындырады.

жалғасы ертең...