Untitled Document

Жалғасы... Apple компаниясы туралы (2)

Екі дос инвестор іздей бастайды. Джобс өзінің басшысы Нолан Бушнелге, Возняк та басшыларына айтып көреді. Бірақ, екі жақ та қолдай білдірмейді. Нолан Бушнел Джобсқа Дон Валентино атты кәсіпкерге жолығуға кеңес береді. Ол болса, өз кезегінде Армас Клифф Марккуламен таныстырады. Ол бизнесті өте жақсы меңгерген кісі болатын.

Марккула Джобсқа бизнес-жоспар құруға көмектесіп, жаңадан ашылып жатқан компанияға 92 000 доллар инвестицияны өз қалтасынан салады. Және де Bank of America-ға 250 000 долларға несие желісімен қамтамасыз етеді. 1977 жылдың 3 қаңтары күні Apple Computer ресми түрде тіркеуден өтеді.

1980 жыл компания үшін күрделі кезеңдердің бірі болған еді. Ол кезде Apple III жобасының жұмыстары жасалып жатқан еді. Бірақ, жағымды жаңалықтар да болды — осы жылы компания тарихтағы акциялардың ең ірі көлемін орналастырды. 

1990 жылдардың соңына қарай компанияның жағдайы нашарлай бастады. Екі жыл ішінде шығын көлемі 1,86 млрд долларды құрайды. Бұл жағдай 1997 жылы Джобс компанияға қайта оралған соң ғана өзгереді. Apple бірте-бірте өзі үшін тың нәрселер жасап, нарықтағы ықпалы арта бастайды.

2007 жылы алғашқы сенсорлы iPhone смартфондары жарыққа шығады.

2012 жылы Microsoft орнатқан рекордты жаңартып, компания акциялары 705,07 долларға жетеді. Капитализация мөлшері 662,09 млрд долларды құраған. 2014 жылдың 13 қарашасы күні Apple тағы да рекорд орнатты — капитализациясы 663,43 млрд долларға жетті.

2011 жылы 5 қазанда 56 жасында ұйқы безінің қатерлі ісігінен Стив Джобс қайтыс болады. Осы сәттен бастап компанияны Тим Кук басқарады.

Сондай-ақ, бүгінге дейін Apple компаниясы өзінің тұтынушыларын жыл сайын Iphone смартфонының жаңа үлгісін шығарумен қуантып келеді.