Untitled Document

Сұхбат... Палшылық, сиқыршылық деген не?

Сұрақ: Көріпкелдік, палшылық, сиқыршылық (дуалау) деген не? Мұндай нәрселерге сенудің үкімі қандай?

Жауап: Көріпкелдік – жынменен дос болып, одан сұрап білу және бұларды басқаларға айту деген сөз. Жын арқылы пал ашу және жұлдызнамаға қарап сұрағандарына жауап алу да осыған жатады. Бұларға және сиқыршыларға барып айтқандарына сену, айтқандары кейде дұрыс шықса да, Аллаһтан басқаның барлық нәрсені білетініне және қалаған нәрсесін істей алатынына сену күпір болады. (Хадиқа)

Хадис шәрифте былай делінген: «Ырымға сенген, көріпкелдікпен айналысқан, көріпкелге барған, сиқырмен айналысқан, сиқыр жасатқан және бұларға сенген адам бізден емес. Құран кәрімге сенбеген болады». (Бәззар)   

Хазреті Ибн Әби Зәйд былай дейді: «Жынмен байланысқан дүмше тариқатшыға сену, адамды жыннан құтқарғанына сеніп оған ақы төлеу жаиз емес. Сиқырды (дуаны) қайтарған адамға да ақы төлеу жаиз емес».

“Биргиуи өсиетнамасы” кітабында: «Кімде-кім “мен ұрланған, жоғалған нәрселерді білемін” десе, мұны айтқан адам да, бұған сенген адам да кәпір болады. Өйткені ғайыпты жын да білмейді. “Маған жын хабарлайды, сондықтан білемін” десе де кәпір болады. Өйткені жын да ғайыпты білмейді. Ғайыпты тек қана Аллаһу та'ала біледі». делінген. 

Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Опатқа жетелейтін жеті нәрсенің бірі сиқыр» (Бұхари)

«Жіпке үрлеп түйіндеген адам сиқыр жасаған болады. Ал сиқыр жасаған адам Аллаһқа ширк қосқан болады.» (Нәсаи)

«Палшыға, сиқыршыға, көріпкелге барып олардың айтқандарына сенген адам Құран кәрімге сенбеген болады.» (Табарани)

«Адамды опатқа (құрдымға) жетелейтін мына жеті нәрседен сақтаныңдар:

1) Аллаһқа ширк қосу,

2) Сиқыр жасау, дуалау,

3) Адам өлтіру,

4) Пайыз жеу,

5) Жетімнің мүлкін жеу,

6) Жиһадта майданнан қашу,

7) Тұрмыстағы ар-намысты әйелге зина етті деп жала жабу.» (Бұхари, Мүслім)