Untitled Document

Сұхбат... Ұмытылған сүннеттер мен парыздар (3)

Ұмытылған зәуәид сүннеттердің кейбірлері мыналар:

1) Сақалды бір ұстамдық ұзындықта өсіру,

2) Мұртты қастың ұзындығындай етіп өсіру,

3) Тамақтануды тұзбен бастап, тұзбен аяқтау,

4) Дастарханда сірке суының болуы,

5) Қайлулә жасау (түске дейін кішкене ұйықтап алу),

6) Тақ санға мән беру (1, 3, 5, 7 сияқты),

7) Мұсылманның үйіне оң аяқпен кіріп, сол аяқпен шығу. (Мешітке де осылай кіріп-шығу керек. Мубах болған жерлерге оң аяқпен кіріп, сол аяқпен шыққан жақсы. Әжетханаға сол аяқпен кіріп, оң аяқпен шығу керек.)

8) Қырқылған тырнақ, шаш және түскен тістерді жерге көму,

9) Жұма күндері жаңа және таза киім кию,

10) Тамақтанудың алдында және кейін қолдарды жуу. (Тамақтанудан бұрын қол жуғанда сүртпеу сүннет. Тамақтанғаннан кейін жуған кезде қол сүртудің зияны жоқ).

Әдеп-ахлақ...

Әй, адам, біраз жұмсақ бол!

Халифа Мәмун мен бір уағызшының арасындағы мына оқиға жұмсақтықтың уәжіп екендігін көрсетеді.

Бірде бір кісі Мәмунге ауыр-ауыр сөздермен уағыз айтады. Сонда Мәмун:

– Әй, адам, біраз жұмсақ бол! Аллаһу та’ала сенен де жақсы кісіні (Мұса алейһиссалам) менен де жаман біреуге (Перғауын) жіберген кезде жұмсақтық көрсетуге әмір етіп, бір аятта: «Оған сыпайы сөз сөйлеңдер! Мүмкін үгіт алар немесе қорқар» деген – дейді.