Сұхбат... Ұмытылған сүннеттер мен парыздар (2)
Адамдардың көбі тастап қойған парыздардың кейбірлері мыналар:
1) Парыздарды және харамдарды үйрену (білмейтін адам ылғи күнә істеп жүреді),
2) Дұрыс сенімде болу (Әһли сүннет сенімін үйрену),
3) Аллаһтың достарына дос, дұшпандарына дұшпан болу,
4) Намаз оқу және ұшыр беру,
5) Орануға (хиджапқа) мән беру,
6) Сәлем берген адамның сәлеміне жауап беру,
7) Түшкіріп «Әлхамдулиллаһ» деген адамға «Йархамукаллаһ» деу,
8) Халалдан ақша тауып, халалдан ішіп-жеу,
9) Ризыққа Аллаһтың кепіл екендігіне сену,
10) Тәуекел және қанағат ету,
11) Аллаһу та’алаға берген ниғметтері үшін шүкір ету, яғни оларды дінге сай қолдану,
12) Хақ та’аладан келген бәле-жалаға сабыр ету, яғни қарсылық білдірмеу,
13) Күнәларға тәубе ету,
14) Ата-анаға жақсылық жасау,
15) Әмри маруф (адамдарға дінді үйрету) жасау. (Фарзи кифая болып табылады.)
16) Күнәлардан сақтанып, ғибадаттармен шұғылдану,
17) Әлемге ғибрат көзімен қарау,
18) Тілді ұятсыз сөздерден қорғау,
19) Ешкімді мазақтамау,
20) Харамға қарамау,
21) Құлақты музыкадан сақтау.
Бір сүннетті орындаған адамға жүз шәһид сауабы берілетін болса, онда парызды орындаған адамға қандай сауап берілетінін ойлау керек, әсіресе парыздарды мүлдем қалдырмау керек.