Сұхбат... Ұмытылған сүннеттер мен парыздар (1)
Сұрақ: Бұл заманда қандай ұмытылған сүннеттер және қалып кеткен парыздар бар?
Жауап: Сүннет екі түрлі болады:
1) Сүннети худа (муәккәд сүннет),
2) Зәуәид сүннеттер (әдетке байланысты сүннеттер).
Ұмытылған бір сүннеттің үмбет арасында қайта орындалуына себеп болу өте құнды болады. Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай:
«Ұмытылған бір сүннетімді қайта әдетке айналдырған адамға жүз шәһидтің сауабы бар.» (Хаким)
Ұмытылған муәккәд сүннеттердің кейбірлері мыналар:
1) Екі кісі болса да парыз намазды жамағатпен оқу,
2) Намаздарды сәлде немесе тақиямен оқу,
3) Дәретте қол мен аяқтарды үш реттен жуу,
4) Дәрет алғанда басқа толығымен мәсіһ тарту (Малики және Ханбали мазһабтарында парыз болып табылады),
5) Мисуак қолдану,
6) Сәске, Әууәбин, Тәһәжжүд, Тахийатул мәсжид, Субха деген нәпіл намаздарды оқып тұру,
7) Истишара жасау (адамдармен ақылдасу) және Истихара намазын оқу,
8) Түшкірген кезде «Әлхамдулиллаһ» деу,
9) Қарыз беретін кезде екі куәгердің болуы және құжат жазу. Бұған уәжіп деген ғалымдар да болған,
10) Сүннетке сай сәлем беру,
11) Жұма күні ғұсыл алу,
12) Дұға еткенде қолдарды сүннетке сай ашып жаю,
13) Пайдалы істерді бастарда «Бисмиллаһ...» айту,
14) Төсекке дәретті болып жату,
15) Біреудің өлімін немесе жаман хабар естігенде «Инна лиллаһ уә инна иләйһи ражи’ун» деу.