Жалғасы... Дұрыс тамақтану (2)
Шектен тыс көп тамақ жемеңіз. Дастархан басына бір отырғанда қанша тамақ жеуге болады? Йогтардың айтуына сенсек, екі алақанға сиятындай ғана. Бір қулыққа баруға болады, үйдегі үлкен табашықтарды кішкентайға алмастырыңыз. Оптикалық тұрғыда тамақ көп болып көрінгенімен, шындығында ағзаңызға жеткілікті мөлшерде болмақ. Тамақтанып болған соң, бірден жата қалмаңыз. Бұл ережені түсіндірмей-ақ қойса да болатын шығар. Керісінше, ішкеніміз бойымызға тарасын деп, таза ауаға шығып, баяу серуендеп қайтқан әлдеқайда пайдалы.
Дұрыс тамақтану арқылы арықтау кеңестері.
* Көп адамдар, арықтау үшін күін бойы тамақ жемей, аш жүреді бұл – барып тұрған ақымақтық. Уақытыңда тамақтанбау – асқазанның жұмысын бұзады.
* Дұрыс тамақтануғка және спортпен шұғылдануға дағдылан. Ешбір жаттығу жасамай, ашығудың нәтижесі шамалы болмақ.
* Ашуғу кезінде екінші және үшінші аптада өзің мақсат еткендей нәтижеге қол жеткізе алмасаң, салыңды суға салма! Себебі бірінші аптада ағза жинақталған суды жұмсайды. Одан кейінгі уақытта денедегі майлар кете бастайды. Ал май табиғатынан жеңіл. Таразы көрсеткішіне көңілің толмаса да, көлемнің кішірейгенін байқау оңай.
* Қол жеткізген көрсеткішті сақтаңыз, одан артық салмақ қосудан абай болу керек.
* Аздап, жиі тамақтанған дұрыс. Күнделікті ас мәзірін қадағалауды әдетке айналдырыңыз.
* Қонаққа бара қалған жағдайда, диеталық аспен ғана тамақтанғаның жөн. Мәселен, жеміс-жидек, майсыз ет, салат жапырақтары.
* Күніне кем дегенде 2 литр су ішіңіз.
* Қант пен ұннан жасалған тамақ көлемін азайтыңыз.