Денсаулық... Дұрыс тамақтану (1)
ажетті салмақты тастау үшін сан түрлі диеталарға отырып, организмді қинаудың керегі жоқ. Бүгінгі күні оның оңтайлы жолы табылған. Дұрыс тамақтану денсаулыққа зиян келтірмей, артық салмағыңыздан әбден айырылуға мүмкіндік береді.
Тамақтану институтының деректері бойынша еңбекке жарамды тұрғындардың төрттен бірі семіздіктен зардап шегеді.Олардың көбісі әйелдер қауымы болса керек. Семіздіктің басты себептердің бірі — шектен тыс тамақтану. Осыған орай артық салмақ тастау мақсатында ашығып жататын адамдар аз емес.
Естеріңізде болсын, тамақ қорытуға ең оңтайлы уақыт: 11.00-ден 14.00-ге дейін және 16.00-ден 20.00-ге дейін.
Тамақ орнына су ішіңіз. Таңғы асты қабылдамай тұрып, жарты сағат бұрын бір стақан су ішуді әдетке айналдырған жөн. Оған бір тілім лимон салып жіберуге де болады. Жалпы күнделікті шай, кофе және басқа шырындардан бөлек бір литрден кем емес су ішу ағзаға пайдалы. Ол асқорытуды жақсартып, аштық сезімін бәсеңдетеді.
Ауырсаңыз, тамақ жемеңіз. Егер әлсіреп, ауырып қалсаңыз, аузыңызға тамақ тықпаламаңыз. Бұл орайда ағза аурумен күресті бастап кетеді. Егер сіз сол кезде тамақ жей бастасаңыз, ағзаңыз бар күшін ас қорытуға жұмсап, аурумен күресуді тоқтатып тастайды.
Физикалық жаттығулар мен қарқынды ой еңбегі кезінде, оған дейін және одан кейін тамақ жемеңіз. Кез-келген спортшы жаттығулар алдында 2 сағат бұрын тамақтану керектігін біледі. Тіпті екі сағаттан көп болса да жақсы. Себебі жаттығу алдында тамақ жесеңіз, ағзаңыз бар күшін асқорытуға жұмсайды Бұл жағдайда физикалық жаттығулардан келіп-кетер пайда жоқ. Бұл ереже ой еңбегіне де қатысты. Ми жұмысы энергияның 70 пайызын жұмсайтынын білесіз бе? Иә, дәл солай. Сондықтан ой еңбегімен шұғылданар алдында, одан кейін және сол үдеріс барысында тамақтан аулақ болған дұрыс.
жалғасы ертең...