Жалғасы... Доктор Хамид Маркус (неміс) (2)
Ислам дінінде заманауи ғылымдарға сай келмейтін, оларға қайшы келетін ешбір нәрсе таба алмайсыз. Бұйырған нәрселерінің барлығы толығымен логикаға сай және пайдалы. Ислам дінінде, басқа діндердегі сияқты, иман мен логика арасында ешбір қайшылық жоқ. Сондықтан да мен сияқты табиғи ғылымдармен өмір бойы айналысқан адамның осы еңбектерден шығарған ғылыми нәтижелеріне толықтай сәйкес келген Ислам дінін, бұларға сәйкес келмеген басқа діндер арасынан таңдауы әрине табиғи нәрсе.
Екінші себеп ретінде мынаны да қосып кетейін, басқа діндер тек руханиятқа мән беретін бірқатар әбес, қате түсініктерге толы. Олардың шынайы өмірмен ешқандай қатысы жоқ. Ал Ислам діні адамның өмірде не істеу керектігін үйрететін практикалық дін болып табылады. Ислам дінінің әмірлері адамға тек ахиретте ғана емес, сондай-ақ дүниеде де дұрыс жолды көрсетеді, бірақ ешқашан адамның еркіндігін шектемейді.
Қаншама жылдар бойы мұсылман ретінде дінімді зерттеп келемін. Әр кезінде оның ең кәміл дін екенін көріп, жаным рахат табады. Ислам діні – жеке тұлға мен қоғамдық өмір арасындағы қандай тамаша жол! Ислам осы екі бөлек өмірді реттеуде. Ислам діні – толықтай әділетті және тек адамдардың жақсылығын қалайтын дін. Әлемде қаншама қоғамдық ағымдар бар болса да, солардың барлық жақсы тұстары Ислам дінінде бар.
Ғибратты оқиға...Ақырет үшін не дайындадың?
Әмәуилер дәуірінің сыншы ақындарының бірі Фәрәздақтың әйелі қайтыс болғанда жерлеу рәсіміне атақты Хасан Басри хазіретте қатысыпты.
Хасан Басри Хазірет өлең жолдарымен адамдарды қорлап, мазақ қылатын, олардың атақ-абыройларына нұқсан келтіретін ақынға қабірді көрсетіп:
– Ақырет үшін не дайындадың? – деп сұрапты. Сонда қарт ақын:
– Жетпіс жылдан бері кәлимә-шәһадатты айтып, дайындап келе жатырмын», – деді. Хазіреті Хасан Басри оған:
– Қандай жақсы дайындық! Бірақ, біліп ал, кәлимә-шәһадаттың шарттары бар. Ол адамды ренжітетін, көңілдеріне қаяу түсіретін сөздерден аулақ болу. Алланың құлдарын қорлап, кемсітпе, ғайбаттаудан сақ бол! – деп өсиет еткен екен.
Қорыта айтқанда адамның тілі не жақсы сөз сөйлеуі керек, не үндемеуі керек.