Мұсылмандықты таңдағандар... Доктор Хамид Маркус (неміс) (1)
Доктор Маркус атақты ойшыл және жазушы, Берлин қаласында «Moslemische Revue» атты журналды құрған.
Әлі бала кезімде мұсылмандыққа қызығушылық танытып, Ислам діні туралы мәлімет жинай бастаған едім. Туған қаламның кітапханасынан 1164 [м.1750] жылы басылған ескі Құран кәрімнің аудармасын таптым. Риуаят бойынша, Гёте де Ислам дінін зерттеген кезінде осы Құран кәрімнің аудармасын оқып, бұл кітапқа деген таңданысын білдірген. Құран кәрімді оқыған сайын оның өте қисынды, сонымен қатар адамның рухына жағымды, тартымды түсіндірмелері маған қатты әсер етті. Ислам діні белгілеген қағидалардың қаншалықты дұрыс, қаншалықты пайдалы екендігін, Исламды қабылдау абыройына ие болған халықтардың аз уақыт ішінде тұтас өркениетке қол жеткізгенін айқын дәлелдеп тұрған еді.
Өз елімнен кетіп, Берлинге барған кезімде сол жақта мұсылмандармен достастым және олармен бірге Ислам орталығы мүшелерінің тартымды, тағылымы мол дәрістерін үлкен қызығушылықпен бақыладым. Ислам орталығы мүшелерімен жақынырақ қарым-қатынас жасауды және Ислам дінін жақыннан зерттеуді бастадым. Біраз уақыттан кейін бұл діннің мен іздеген хақ дін екендігіне толық сеніп, мұсылмандықты қабылдадым.
Ислам дінінде Аллаһ бір және жалғыз жаратушыға сену – Исламның ең қасиетті сенімі. Ислам дінінде ақылға сыймайтын, сенілуі мүмкін болмаған ешбір сенім жоқ. Аллаһу та’аладан басқа ешқандай жаратушы жоқ.
Ғибрат...Дос емес екенсіңдер
Әли ибн Хусейн (р.а.) бір кісіден:
– Сендерден бірің досының қалтасына немесе әмиянына қол салып, оның рұқсатынсыз қалаған нәрсесін ала алады ма? – деп сұрайды.
– Жоқ, – деген жауапты естігенде:
– Сендер дос емес екенсіңдер, – депті.