Сұхбат... Қиыншылықтан құтылу үшін
Бәле-жалалардан, қиыншылықтардан құтылу үшін истиғфар оқу өте пайдалы. Әрқашан жүз рет «Әстағфируллаһ-әл-азыйм әлләзи лә илаһә илләһу-әл хаййәл қаййумә уә әтубу иләйһ» деп айтып жүру керек және мағынасын түсініп айту керек! Мағынасы: «Өзінен басқа тәңір болмаған, Хай, Қаййум, Азыйм болған Аллаһқа истиғфар етемін және жасаған күнәларыма өкініп, Оған сиынамын» дегенді білдіреді.
(Азыйм: заты және сипаттары кәміл. Хай: әзәли, яғни ежелден бастауы жоқ және соңы жоқ, тірі. Қаййум: затымен бар болған, жаратқан барлық махлұқтарын бар етіп ұстап тұрған.)
Жоғарыда білдірілген истиғфарды екінді намазынан, тәсбихтерден және дұғадан кейін жүз рет оқу керек! Әһли сүннет ақидасында болу, құл ақыларын және қазаға қалған парыздарын өтеу және харамдардан бастарту шартымен Жұма күні таң намазынан бұрын осы истиғфарды оқыған адамның бүкіл күнәлары кешіріледі. Хадис шәрифтерде былай делінді:
«Қиямет күні амал дәптерінде көп истиғфар болған адамға сүйінші болсын!» (Бәйһақи)
«Истиғфар айтып жүрген адам барлық қиыншылықтан, қайғыдан, күн көріс тапшылығынан құтылады, бақ-берекеге кенеледі, ойламаған жерінен ризыққа қауышады» (Нәсаи)
«Дерттерің күнәлар, дауасы истиғфар» (Хаким)
«Көңілдердің сергітушісі истиғфар» (Бәйһақи)
Аллаһу та’ала «Истиғфар айтқан адамды кешіремін. Өзін кешіруге құдіретті екенімді білген адамның күнәларын кешіремін» деп бұйырған. (Тирмизи)