Сұхбат... Ысырап сараңдықтан да жаман
Дінімізде әбес, қажетсіз нәрселерді істеу жаиз емес. Мәселен бостан-бос қағазды шимайлап отыру ысырап және әбестік. Мұнда бірнеше ысырап бар. Уақыт, еңбек, қуат, қағаз, қалам, сия. Бәрінен маңыздысы пайдалы нәрсемен шұғылданбау.
Егер дүниедегі барлық адамдардың босқа өткізген уақыты, қуаты және еңбегі есептелетін болса, дүниеде аштық және жоқшылық ішінде қиналып жатқан миллиондаған адамның мұқтаждығын кетіретін қажетті өнімдер өндіруге болар еді.
Ысыраптың көлемі қанша болса да зияны үлкен. Кіші деп саналған нәрселерді біріктірген кезде үлкен сандар шығады. “Көп түкірсе көл болады” деген мақалды білетін шығармыз. Минутына он тамшы су жіберетін краннан айына 170 литр су далаға кетеді екен.
Сәмәуи діндердің барлығында Аллаһу та’ала жаман мінездерден болған ысырапқа тыйым салған. Дініміздің бос, әбес, харам нәрселерге, ысырапқа тыйым салуының түбінде адамдардың бақыты, молшылығы, әділеті яғни барлығы бар.
Дінімізде сараңдықтың ысыраптан көбірек жамандалуы ысыраптың сараңдықтай жаман еместігін көрсетпейді. Сараңдықтың көбірек жамандалуы адамдардың мал-мүлік жинауға әуес болуынан.
Ысыраптың жамандығын білдіру үшін Аллаһу та’ала былай бұйырған:
«Жеңдер, ішіңдер бірақ ысырап етпеңдер! Аллаһу та’ала ысырап еткендерді әлбетте жақсы көрмейді». (Араф 31)
«Ысырап етпе! Ысырап еткендер шайтанның бауырлары». (Исра 26, 27)
«Ысырапшыларды опат қылдық». (Әнбийа 9)
«Мал-мүліктерін ысырап еткендерге ешнәрсе бермеңдер!» әмірімен ысырапшыларды жаман түрде сипаттап «Мал-мүліктеріңді сәфихтерге (зауқы, нәпсі үшін ақша шашатындарға) бермеңдер» деп бұйырылған. (Ниса 5)