Сұхбат... Қауымдардың апатқа ұшырау себептері (1)
1. Аллаһтың берген нығметіне күпірлік және пайғамбарларын жалғанға шығару: Әрбір қауымға Аллаһу та’ала тура жолды көрсетуші, ақ пен қараны айырушы, сауап пен күнәні, адал мен арамды үйретуші пайғамбарлар жіберген. Кейбір қауымдар азғындықтың шегіне жетіп, Аллаһ тарапынан жіберілген елшілерді қабылдамай, мазақ етіп, күпірліктерінен қайтпай, тіпті пайғамбарларды өлтіруге дейін барған. Түзелуге, бет бұруға құлық танытпаған ондай қауымдар апатқа ұшыраған.
2. Қоғам ішінде түрлі алауыздық пен азғындыққа жол берді:
«Бір қаланы тып-типыл еткіміз келсе, олардың дәулеттілерін бойсұнуға бұйырамыз. Бірақ олар бойсұнбай бұзақылық істейді. Сондықтан оларға азап үкімін беру дауа. Сонымен оларды тып-типыл етеміз» Аяти кәрима
3. Өлшеу мен таразыдан жеу
Ислам діні адал, таза саудагерлердің бұл өмірдегі адалдығы үшін ақыреттік сыйлығы жұмақ екенін сүйіншілейді. Бір хадис шәрифте:
«Сенімді, дұрыс сауда жасаған кісі қиямет күні пайғамбарлар, турашылдар және шәһидтермен бірге болады» деген.
Ілгерідегі қауымдардың таразыда асыра жеп шектен шыққаны үшін Аллаһу та‘ала азабын жіберген. Ислам сауда жасауда адалдықты талап етіп, таразы мен өлшемде әділ болуды бұйырады.
Бүгінгі таңда базардағы саудагердің көпшілігі таразыдан жеу арқылы құнығып, пайда табуды әдетке айналдырғаны жасырын емес. Тіпті, кейбіреулер үшін үйреншікті жағдайға айналып үлгерген. Алушыны алдағанымен, бүкіл әлемнің Жаратушысын алдау мүмкін емес. Сондықтан бес күндік пайда үшін ақыретті тозаққа айналдырып алмаған жөн.
жалғасы ертең...