Сіз білесіз бе? Лут қауымы
Лут қауымы деп аталған бұл қауым біздің эрамыздан бұрын 1900 жылға дейін Иордания мен Израилдің шекарасындағы өлі теңізге жақын маңда өмір сүрген.
Ол қауым сол уақытқа дейін адамзат көрмеген, естімеген азғындыққа бой алдырады. Әрине азығындықтары тек бұл ғана емес әділетсіздік, жетім-жесір құқығы аяқ асты ету, тәкәппарлық, әлсізге зәбір көрсету етек алған болатын. Сырттан келушілерге қоқан лоқы жасалып, саудагер болса, тауарларын тартып алу әдетке айналған.
Лут алейһиссалам азғын қауымға насихат айтып, азғындықтарынан қайтуға, бір Аллаһқа иманға шақырады.
Алайда олар оны мазақ етіп, иманға келуден бас тартады. Аллаһтың азабының келуінен сақтандырғанымен аз ғана адам иман етеді.
Аллаһу та’ала шексіз мейірім иесі. Өзі жаратқан пендесіне ешқандай зұлымдық етпейді. Керісінше әлемдегі бар нығметті адамның игілігі үшін жаратқан өте мейрімді, рахымды. Адамның жасаған күнәсі үшін жазалай бермейді. Тәубе етсе, қателігі үшін кешірім тілесе, күнәсін жарылқайды.
Сұхбат...Артынан дұға ету
Сұрақ: Біреудің артынан дұға еткенде қабыл болатындығы дұрыс па?
Жауап: Иә, бір адамның артынан, яғни оған білдірмей, оның хабарынсыз дұға етудің қабыл болатындығы хадис шәрифпен білдірілген. Бетпе-бет дұға еткенде рия араласуы мүмкін, бірақ артынан етілсе риясыз, тек Аллаһ разылығы үшін жасалған болады және мұндай дұға-тілектер қабыл болады.
«Бір мұсылманның дін бауырына, оның хабарынсыз, артынан еткен қайырлы дұғалары қабыл болады. Ол дұға еткенде бір періште “Әмин, бауырың үшін сұрағаның саған да берілсін” дейді». (Мүслим, Тирмизи, Ибн Мажа)