Сіз білесіз бе? Салқындатқышты (кондиционер) кім ойлап тапты?
Кондиционердің атасы Уиллис Кэриер екенін біле жүріңіз. Және ол АҚШ-та пайда болған. Оған дейін Дж.Шабанесс ауаны салқындату әдісін ойлап тапқан. Оны арада тоқсан жыл уақыт өткеннен кейін У.Кэриер қайта қолға алды. Оларға дейін ауаны салқындатудың бірнеше әдістері қолданылып келді. Ал ерте замандағы адамдарың тәсілдері өзгеше.
Ең алғашқы кондиционердің тарихы ХІХ ғасырдың он бесінші жылында Францияда Жанна Шабанеске патент берілгеннен басталды. Ол ауаны салқындатудың революциялық технологиясын ұсынды. Бірақ ұсынысы теория жүзінде ғана қалды.
Жиырмасыншы ғасырда У.Кэриерге Нью-Йорктегі ірі баспахана иелері ұсыныс тастайды. Оларға желдетудің жаңа жүйесі қажет еді. Өйткені бөлме ішіндегі жоғарғы ылғалдықтан баспа материалдарының сапасы нашарлай бастаған еді.
Арада бірнеше уақыт өткеннен кейін АҚШ-тағы Детройт дүкендер желісі салқындату әдісін енгізді. Дүкенге келушілер санында есеп жоқ еді. Осы кезден бастап адамдар кондиционерлерге қызығып, үйлеріне орнатуға ниет білдіре бастады.
Бір қызығы ауаны салқындату жүйесі механика мен электр пайда болмай тұрып жүзеге асырылып келді. Бедуиндер белбеу немесе ер-тоқымға бекітілген арнайы су құйылған құмыраларды шалманың бос жиегіне орналастырып отырған. Су мата арқылы біртіндеп көтеріліп, салқындататын күшке ие болған.
Ежелгі персияда үйлер мен сарайлар салу кезінде желдету жүйесіне сумен жабдықталған арнайы шахталарды қолданған. Соның арқасында тұрақты температура сақталып отырды. Үндістанда қазірдің өзінде күн ыстық кезде кілемшелерді суға малып, оларды ашық есіктер мен терезелерге орналастырады. Осындай қызықты тәсілдің арқасында ғимараттың ішін лезде салқындауға болады.