Сұхбат... Намазда басты, қолды жабу
Сұрақ: Намаз оқығанда ер кісілердің басы ашық болуының, қысқа жеңді көйлек киіп, қолдары ашық болуының және шалбардың балағын көтерудің зияны бар ма?
Жауап: Бұл туралы «Халеби» кітабында былай жазылған:
«Сәждеге жығыларда шапанның етегін және шалбардың балағын жоғары тарту мәкрух әрі бұларды қайырып қойып намаз оқу да мәкрух. Жеңді, балақты, етекті қайырып қойып, қысқа қылып намаз оқу да мәкрух».
Жалқаулықпен немесе басты ашып оқудың маңызын ойламай ашық баспен (тақиясыз) намаз оқу мәкрух. Ал намаздың өзіне мән бермеу күпірлік. Өзін әлсіз, бейшара көрсету үшін, Аллаһу та'аладан қорыққаны үшін басты жаппау мәкрух болмайды. Яғни Аллаһу та'аладан қорыққанынан реңі бозарып, денесі қалтырап, өзін және барлық нәрсені ұмытқан адам басын жаппаса, мәкрух болмайды. Бірақ ондай адамдардың да басын жауып оқуы жақсырақ болады. Өйткені басты ашу «Намазда сәнді киімдеріңді киіңдер, жабыңдар!» деген аяти кариманы ұстанбау болады.
Сұрақ: Намаз оқығанда ер кісілердің сәлде киіп намаз оқу керек дегендей шарт бар ма?
Жауап: Басқа ақ сәлде кию мүстаһаб. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қара сәлде кигені де «Марифатнама» кітабында жазулы. Ол сәлденің ұшын екі жауырынының арасына екі қарыс қылып жіберетін.
Намазды бұзуды мубах қылған нәрселер
1. Жыланды өлтiру үшiн.
2. Қашқан хайуанды ұстау үшiн.
3. Отарды қасқырдан құтқару үшiн.
4. Тасыған қазанды оттан алу үшін.
5. Жамағаттың немесе уақыттың өтiп кету қауіпі болмаған кезде басқа бiр мазһабта намазды бұзатын нәрседен құтылу үшiн. Мәселен дирхамнан аз болған нәжістi тазалау үшiн немесе бөтен әйелге қолы тигенi еске түсіп қайта дәрет алу үшiн намазды бұзу жаиз.
6. Дәреттiң қысқанынан құтылу үшiн де намазды бұзуға болады.