Untitled Document

Сұхбат... Бақара сүресі

Сұрақ: Бақара сүресінің маңызы қандай?

Жауап: Бұл сүреде Аллаһу та’аланың болмысы, құдіреті, ұлылығы, пайғамбарларға мойынсұнудың маңызы, бақара (сиыр) сою оқиғасы білдірілген. Сондықтан бұл сүре Бақара сүресі деп аталған. Бақара сөзі сүренің 67, 68, 69 және 71-ші аяттарында өткен. Сонымен қатар сүреде мыңдаған мәселелер, ақиқаттар айтылған. (Мәуахиби алийа)

Бақара сүресін оқу - өте құнды болып табылады. Бірнеше хадис шәрифте былай делінген:

«Бақара сүресін оқыған адамға жаннатта бір тәж кигізіледі». (Бәйһақи)

«Барлық нәрсенің шыңы бар. Құранның шыңы – Бақара сүресі. Түнде оқылатын болса үш түн, күндіз оқылатын болса үш күн ол үйге шайтан келе алмайды». (Әбу Йала, Табарани)

«Құран сүрелерінің абзалы – Бақара сүресі. Бақара сүресінің аяттарының ең үлкені – Аятәл күрси. Шайтан Бақара сүресі оқылғанын естіген үйден шығып кетеді». (Рамуз)

«Үйлеріңді қабірге айналдырмаңдар, намаз оқыңдар. Шайтан Бақара сүресі оқылған үйден қашады». (Мүслим)

«Құранды оқыңдар. Өйкені Құран, оқығандарға қияметте шапағат ету үшін келеді. Екі жарқын сүре болған Бақара мен Али-Имран сүресін оқыңдар. Өйткені, бұл екі сүре қияметте екі бөлік бұлт, екі көлеңкелі жер немесе сап түзеген екі топ құс сияқты оқығандардың және үкімдерімен амал еткендерді жақтау үшін келеді. Бақара сүресін оқуды жалғастыру – берекет, тәрк ету – қасірет. Еріншек адамның мұны тұрақты оқуға күші жетпейді». (Мүслим)