Untitled Document

Сұхбат... 40 санының маңызы

Бір дұғына көп оқығысы келген адам ең азы 40 рет оқысын.

Бес уақыт намаз сүннеттерімен бірге 40 рәкат. Фатиха сүресі бес уақыт намаздың әр рәкатында оқылады. Осылайша әр күні ең аз дегенде 40 рет оқылады.

Тырнақ алу және қолтық пен әурет жергедегі қылды тазалау 40 күннен асып кетсе күнә болады.

Салих туыстарды зиярат ету 40 күннен кешіктірілмеу керек. (Саадати Әбәдия)

40 санымен байланысты хадис шәрифтерден кейбірі мыналар:

«Әр түні 40 аят оқыған ғапілдерден болмайды»

«40 кісі бір жамағат, бір марқұмға дұға етсе Аллаһу та’ала ол марқұмды кешіреді»

«Ширктен ұзақ болған 40 мүмин, бір мұсылманның жаназа намазын оқыса, Аллаһу та’ала  әрине ол мүминдердің дұғаларын қабыл етеді, өлген мұсылманның күнәларын кешіреді».

«40 күн ішінде ілім сұхбатына қатыспаған адамның жүрегі қараяды. Үлкен күнәлар істей бастайды. Өйткені ілім жүрекке өмір береді. Ілімсіз ғибадат болмайды. Ілімсіз ғибадаттың пайдасы жоқ».

«40 күн халал азық жеген адамның жүрегін Аллаһу та’ала нұрмен толтырады. Жүрегіне хикмет өзен секілді ағады. Жүректен дүниеге деген махаббатты жояды».

«Бір науқас 40 рет Лә иләһә иллә әнтә субханәкә инни кунти минәззолимиин, деп оқыса, шәхид болып жан тапсырады. Шипа тапса күнәлары кешіріледі».

«40 жасқа келгенде хайырлы істері (сауаптары), жаман әстерінен (күнәларынан) аз болған адам Жәханнамға дайындалсын». (Имам Ғазали)

«40 жасқа келгенде, күнәларына тәубе етпегеннің бетін шайтан сипап, “Бұл енді керек емес” дейді». (Имам Ғазали)